Швейцарияның Берн қаласында Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнар Кәрімованың активтерін қайтару туралы келісімге қол қойылды.
Келіссөздер екі елдің құқық қорғау органдары арасында екі жыл бойы жүргізілген. Ол активтерді өтеудің принциптерін, механизмдерін және мақсаттарын қарастырады.
Қайтарылған қаражат Өзбекстандағы әлеуметтік саланы, атап айтқанда, білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамытуға жұмсалатыны атап өтілді.
Ақша БҰҰ-ның сенім қорына түсіп, әлеуметтік жобаларға жұмсалады.
Еске салайық, Өзбекстанның бұрынғы марқұм Ислам Кәрімовтың үлкен қызы бірнеше рет сотталып, тергеу жұмыстары әкесінің көзі тірісінде басталған еді.
2015 жылы тамызда Кәрімоваға бопсалау және салық төлеуден жалтару деген айып тағылып, 5 жылға шартты түрде сотталған.
2017 жылы сот Кәрімованы салық төлеуден жалтарған, ақша жымқырған, бопсалаған және оффшорлық компанияның жазбаларын жойған деген күдікпен 10 жылға бас бостандығынан шектеді. Сот оған жазасын қызының үйінде өтеуге рұқсат берді. Алайда 2019 жылы Кәрімова телефон мен интернетті пайдаланып, үйінен шыға бергені үшін колонияға жіберілді.
2012 жылы Швейцарияның Бас прокуратурасы Гүлнар Кәрімоваға қарсы қылмыстық іс жүргізу аясында 800 миллион швейцариялық франкқа жуық активтерді қатырып тастаған. Осы соманың шамамен 131 миллион доллары 2019 жылы тәркіленді.
Гүлнар Кәрімова 2019 жылдың көктемінен бастап жазасын Ташкент облысы, Зангиата ауданының № 21 жалпы режимдегі колониясында жазасын өтеп жатыр.
Наурызда Жоғарғы Сот оны 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырған. Мамыр айында Кәрімованың Франциядан Өзбекстанға 10 миллион долларлық активтері қайтарылды.
Кәрімованың отбасы барлық айыптарды жоққа шығарып, бұрынғы президенттің қызын босатуды талап етіп отыр.