15 шекарашыны өлтірді деген Челах Тоқаевқа хат жазды

Арқанкерген шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деген айыппен 2012 жылы өмір бойына сотталған Владислав Челах Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.

Челах Тоқаевтан тергеу процесін қайта бастап, өзінен «жалғыз куәгер ретінде» жауап алуды сұрайды.

Құрметті президент, көп жыл өтсе де қайғылы оқиға жайлы қайта айтуға дайынмын. Менің бар сұрарым, мені тыңдап, маған мүмкіндік берсеңіздер. Қалай болғанын айтқым келеді және бәрін айтуға дайынмын. Тергеушілерге де бәрін айтуға дайынмын. Оқиғаның қалай болғаны сол күйі ашылмай қалды,

деп жазған Челах президентке хатында.

Түрмеден жазылған хатты тілшілерге Челахтың туыстары берген. Жақындарының сөзінше, Челах хатын президентке электронды түрде жіберген. Хат қаңтарда қаралатыны көрсетіліпті.

Челах 12 беттен тұратын хатында өзі куә болған жағдайды, шекара бекетіне «шабуыл жасалғаны жайлы» жазады. Ол сот кезінде де осы нұсқаны айтқанымен, сот оның сөзін қарастырмаған. Сондай-ақ «жасамаған қылмысы үшін» өмір бойына қамалғанын жазады. Ол БҰҰ Адам құқығы комитетінің Қазақстан билігін Челахқа қорғануға мүмкіндік жасауды ұсынған шешімін де еске салған.

2012 жылы 30 мамырда Алматы облысындағы Арқанкерген шекара бекетінің өртенген орнынан 14 шекарашы мен бір қорықшының мәйіті табылған. Ал 4 маусым күні Владислав Челах Арқанкерген шекара бекетінен 24 шақырым жерде орналасқан қыстақтан табылған. Челахтың қолында бірнеше ұялы телефон, ноутбук, Кереевтің табельді қаруы, 12 мың теңге болған. Тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челахтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, 2012 жылғы желтоқсанда сот оны өмір бойы бас бостандығынан айырды. Сот үкімі оқылған кезде Челах небәрі 20 жаста еді.

Челахқа Қылмыстық кодекстің «Екі және одан көп адамды өлтіру», «Жеке заттарды ұрлау», «Құпия құжаттарды ұрлау», «Қару ұрлау» және «Заңсыз қару ұстап жүру» тәрізді барлығы тоғыз бап бойынша айып тағылған.

2013 жылдың 5 наурызынан бастап Челах Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы 161/3 өмір бойына сотталғандар колониясында жазасын өтеп келеді. Ол жердің «Қара бүркіт (Черный беркут) деген бейресми атауы да бар. 2014 жылы Челахтың анасы Светлана Ващенко журналистерге берген сұқбатында ұлының шекара бекетінде болған ақиқатты ақтаратын кітап жазатынын айтқан еді. Алайда кітап әлі күнге дейін жарық көрген жоқ.

Сот процесінен кейін Владиславтың анасы Ресейге көшіп кеткен. Ал қаза тапқан шекарашылардың отбасы журналистермен байланысын үзген. 

2017 жылы қарашада БҰҰ-ның Адам құқығы комитеті Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабын бұзып, Челахты өз ісін «әділ және бейтарап сотта қарау құқығынан айырды» деген ұйғарым шығарған. Комитетке шағымды оның адвокаты Серік Сәрсенов (ол 2018 жылы наурызда қайтыс болған) дайындаған.

Айыпталушымен бір жылда екі сағаттан үш рет қана кездесуге, және үш рет сәлемдеме беруге рұқсат беріледі екен. Туыстарымен таксофон арқылы сөйлеседі. Жазасын өтеп жатқан уақыт ішінде Владислав Қылмыстық кодексті жаттап алған, метеоролог мамандығын аяқтап, кітап арқылы грек тілін меңгерген. Көп оқып, шығармашылыққа бет бұрған.

Кейінгі 10 жылда қоғамда Арқанкерген оқиғасына қатысты сырттан шабуыл, контрабандистер, террористік топ сияқты әртүрлі болжамдар айтылған. Тіпті бұл қантөгісті күш құрылымдары арасындағы бәсекемен байланыстырғандар да болған. Ол кезде (28 мамыр – Шекарашылар күні) заставаға жақын маңдағы аңшылық шаруашылығына жоғары шенді тұлғалар демалысқа барған, олардың арасында кикілжің туып, оның соңы қантөгіске ұласқан деген нұсқа да бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

19 часов ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 недели ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago