Бүгін – жылдың ең ұзақ түні

Бүгін, 21 желтоқсанда, табиғатқа қысқы тоқырау күні келеді немесе нағыз астрономиялық қыс басталады.

Астрономдардың есебінше, күндізгі жарық молая бастайтын сәт 21 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 21:58-де туады.

Бұл – жылдың ең қысқа күні, ал алдағы түн – ең ұзақ түні болады.

Бүгін Күн өзінің эклиптикасының ең төменгі (оңтүстік) (Солтүстік жарты шар үшін) нүктесінде, ал күндізгі жарық уақытының ұзақтығы жылдың ең қысқасы болады.

Күн бұл биіктікте бірнеше күн бойы сақталады.

Мысалы, Астанада бүгін, 21 желтоқсанда күн сағат 9.15-те шықты, 17.08-де батады.

Күннің ұзақтығы 7 сағат 53 минут болады.

Ертең, 22 желтоқсанда күннің ұзақтығы бұрынғы деңгейде сақталады, ал 23 желтоқсанда күндізгі сағат 1 минутқа артады.

Жылдың соңғы күні, 31 желтоқсанда күндізгі уақыт 7 сағат 58 минутқа созылады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago