Categories: Оқиға

15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деп айыпталған кәсіпкер ақталды

Ақтөбеде 15 жастағы қызбен жыныстық қатынаста болды деп айыпталған белгілі кәсіпкер ақталып шықты. Оның орнына қыздың анасы кәсіпкерге жала жауып бопсалау арқылы ақша талап еткені үшін сотталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тime.kz порталына сілтеме жасап. 

Осыдан бір жарым жыл бұрын Ақтөбеде белгілі кәсіпкер, сол кездегі облыстық мәслихаттың депутаты ұсталды. Ол 15 жастағы қызбен жыныстық қатынаста болып, ата-анасы шу шығармас үшін ақша төлеген деген күдікке ілінген. Алайда кейін бұл іске қатысы бар деген күдікпен қыздың анасы мен оның құрбысы да тартылды. Мұнда қыздың анасына құрбысы жеңіл баюдың жолын айтқан деген болжам болды.

Атышулы іс сотында қыздың анасы кәсіпкерден ақша алу үшін оған жала жапқанын мойындады. Кәмелетке толмаған қыз да оны зорламағанын айтып, бұл сөздерді растады. Ал сараптама «жыныстық қылмыстарға тән объективті деректерді» анықтаған жоқ. 

Нәтижесінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық оқиғаның болмауына байланысты айыпталушыны ақтап шықты. Қыздың анасының құрбысы да ақталды.

Ал қыздың анасын қаржы табу мақсатында жалған айып таққаны үшін кінәлі деп танылып,  алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ кішкентай балалары бар болғандықтан  жаза бес жылға кейінге шегерілді.

Ал, ақталған ақтөбеліктер бір жылдан астам уақыт өткен соң сотқа әйелдің үш миллион теңге моральдық шығынды өтеуді талап етіп шағым түсірген.Ол қылмыстық қудалау барысында жеті ай бойы күдікті мәртебесінде болғанын және аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталғанын алға тартты. Соның салдарынан қорлық пен ұятқа қалғанын жеткізген. Ал Ақтөбелік әйел бұл айыпты аналық сезімді қорлау деп сөкті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago