Блинкен бізге біраз әңгіме айтатын сияқты

Иә, бізге Блинкен келе жатыр.

«Бұл жолы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы мен қазақ билігінің арасында ауыр әңгіме болатын сықылды», дейді блогер Руслан Түсіпбеков.

Өйткені әңгіменің тақырыбы белгілі. Қазақстан билігі Ресейге көмектесіп, оның Батыс санкцияларын айналып өтуіне жол беріп отыр.

АҚШ тарапы Қазақстанға Батыс елдерінің тауарларын «параллельді импорт» деп қойып, контрабандалық жолмен тасуды осымен доғар деген талап қояр.

«Жоқ» деп Путиннің бетіне айтуға біздің «духымыз жетпейді» екен, ендеше Путинге біздің атымыздан Американың өзі сәлем айтпақ.

– АҚШ-тың қазақ билігін қысатын тетіктері өте көп. Ұжымдық Батысқа біздің шенеуніктеріміздің бір-екі шотын бұғаттаса да жетіп жатыр. Немесе кезекті бір «Панама құжаттарын» аша салады. Батыс Ресейге қарағанда әлсіз деп ойлайтындар қатты қателеседі. Керісінше, ең үлкен қорқыныш Батыстан келеді. Біздің элиталарымыздың бүкіл ақшасын әп-сәтте күлге айналдыра салу америкалықтардың қолында тұр.

Қазақстанның элитасы жиған-терген, ұрлаған ақшасын қай мемлекетте сақтаса, олар сол мемлекеттің қолындағы құлы. Ал қай қазақ шенеунігі ақшасын  «Сбербанкте» сақтайды екен? Әлде олардың талантты ұл-қыздары мен немерелері Саратов мемлекеттік университетінде білім ала ма?

Сол себепті қазақ билігіне өтірік күжірейіп, Батысқа өтірік мінез көрсетудің қажеті жоқ. Керісінше, Ресейден барынша аулақтай беру керек. Ресей ендігі анық аутсайдер, – дейді Түсіпбеков.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

57 минут ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago