“Қалаулым” арқылы көпшілікке танылған Ырысбала Икрамбай “Менің өмірім” бағдарламасында атышулы жобаға күйеуі шақырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Жұлдыз болуға асықтым. Сөйтіп “Қалаулымға” күйеу іздеп шықтым. Ол бағдарламаға мені болашақ күйеуім шақырған болатын. Аталмыш жобада ақша төленетіні анық. Себебі, қаншама адам ол жерде ай бағып, шошқа тағалап отырмайды. Менің айлығым 150 мың теңге болды. Сосын мен бағдарламаның үлкен продюсеріне жолығып, олардың айтқандарының бәрін жасамайтынымды айттым. Көбіне мінезіме байланысты қарама-қайшылықтар, кикілжіңдер болды. Сөйтіп, мен 150 мың теңгеге қарап отыра алмайтынымды, жұмыс істеуім керегін айтып едім, “айлығыңды өсіреміз” деген уәдесін алдым. Арада екі ай уақыт өтті, алайда берген уәдесін орындамаған соң қолымды бір сілтеп мен де кетіп қалдым. Ол кезде менің күйеуім “Қалаулымда” оператор болып жұмыс істеген. Мені де шақырған сол болатын”, – дейді блогер.
Ол өзінің ең үлкен өкініші барын да жасырып қалмады.
“Қалаулымда” қатысушы болып жүрген кезде біраз қателік болды. Анамды аз жылатпадым. Сол үшін қазір өкінемін. Қалаулым – өмірімдегі ең үлкен өкінішім. “Абайлап, байқап жүріңіз, қалаға келген қара қыз” дейтін өлең жолдары бар еді ғой. Ауылдан келген сіңлілеріме осы сөзді айтатын едім”, – деді ол өз сөзінде.
Блогер атышулы жобаға қатысушы болғанын жақындары, туыстары мен ата-енесі қалай қабылдағанын айтып берді.
“Менің бетіме келіп ешкім айтпайды, бірақ ауылдың ішінде бауырларымның бетіне салық қылып салып, анамды айыпты қылды. Ауылдың үлкендері менің ісім үшін анамды жөнге салмақ болып, көптің көзінше ұрысқан көрінеді. Анамның солай жылап кеткен кездері болған екен. Оны маған кейін өзі айтты. Қазір өзім қыз өсіріп отырмын. Енді мен жасаған қателіктерді қызым қайталамай-ақ қойса деймін. Күйеуім сол жобада жұмыс істегендіктен, мені толықтай түсінді. Қазір бұл тақырыпты мүлдем қозғамаймыз. Бәрімізде түсініспеушілік болды. Енеме де сөз қайтарған кездерім болды, қайынәпкеммен де түсініспеушіліктер болды. Бірақ қазір соған қатты өкінемін”, – дейді Ырысбала.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…