Денсаулық

167 мемлекетте қызылша ауруының көрсеткіші өскен

Қызылшаның бұлайша жер-жерде өршуі балалардың жоспарлы вакцинациялауды өткізіп алғандығынан болып отыр.

Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Сондай-ақ, қызылша ауруы бойынша елімізде эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз екенін жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан телеарнасы.

Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан астам төсек-орын ашылды, стационарлық емделуде 2375 бала бар. Сондай-ақ жүкті әйелдерге госпитализация жүргізілуде. Төсекпен қамту 59,5%-ды, резерв 1093-ті құрайды,

деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Министрдің сөзінше, қазір әлемнің 167 мемлекетінде қызылша жұқтырғандардың саны тым артқан.

Сонымен қатар министр көптің күдігін тудырған Үнді вакцинасына қатысты сауалға жауап берді. Қазақстан қызылшаға қарсы тиімділігі дәлелденген бұл вакцинаны 10 жылдан бері қолданып келеді. Осы жылдар ішінде жанама әсер немесе асқынулар болмаған.

Оған қоса үндістандық екпені бізден өзге 70 ел пайдаланып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған және балаларға қолдануға ұсынылған, деді министр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

17 минут ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 недели ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago