Ол тамыз айының басында әлеуметтік желі арқылы жұмысқа тұрған.
Қарағандыда қала көшелерінің бірінде 17 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған есірткі жасырушы қыз қолға түсті. Оның сөмкесінде 20 орам ерекше иісті, өсімдік тектес жасыл түсті заттар болған. Сараптама қорытындысына сәйкес аталған заттар 35,09 гр марихуана есірткі заты екені белгілі болды. Ұсталған бойжеткен тамыз айының басында әлеуметтік желі арқылы «есірткі жасырушы» болып жұмысқа тұрғанын түсіндірді. Ол істеген жұмысы үшін ақшаны электронды-әмиян арқылы алып отырған. Бұл жағдайда кәмелеттік жасқа толмаған қыз өзіне жұмыс беруші «куратордың» нұсқұауымен 20 орам марихуана есірткі затын айтқан жерлерге жасыру қажет болған.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.