Алматы полициясы жаңа туылған сәбиді құтқарып қалды.
Оқиға Түрксіб ауданында болған. Түнде кәмелет жасқа толмаған қыздың түсік тастағаны туралы полицияға хабар түсіпті. Ол аруханалардың біріне жатқызылған екен. Дәрігерлермен сөйлескеннен соң, қызметкерлер бірден оқиға орнына шыққан.
Басыма «бала қайда?» деген сұрақ келді. Қыздың анасынан оқиға болғанға дейін оның сырттағы дәретханада біраз уақыт болғанын білдім. Дәретхана ішінен қан іздерін тауып, ішінде жатқан баланы көрдім. Ол дем алып жатты,
учаскелік инспектор Нұржан Шатунов
Кейін оқиға орнына тергеу-жедел тобы келді. Оның құрамында криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ғазиз Хамасқалиев болды. Олар дәретхананың еденінен тақталарды алып тастап, баланы алып шыққан. Баланың жылаған дауысын естіп, аман-есен дәрігерлерге тапсырыпты. Ал жасөспірімнің анасы қызының жүкті болғанын білмепті. Енді оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары басталды.