Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Атақ және ақша > «18+, 21+ фильмдерді де түсіріп көруіміз керек»: Нұрдәулет Шертім бүгінгі кино саласына қатысты ойын айтты
Атақ және ақша

«18+, 21+ фильмдерді де түсіріп көруіміз керек»: Нұрдәулет Шертім бүгінгі кино саласына қатысты ойын айтты

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 06.10.2023
Обновлено 06.10.2023 в 11:10
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Көрерменге көңілді тапқырлар клубы арқылы танылған әзілкеш Нұрдәулет Шертім қазір кино саласында жүр. Актер соңғы түскен фильмі, жоспары, қазақстандық фильмдерге қатысты ойы туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді.

Жақында үлкен экранға жол тартқан «Белгісіз батырлар» фильміндегі алып шыққан рөліңіз қандай? Одан не күтесіз?

«Белгісіз батырлар» фильмінде белгілі батырдың образын сомдадым. Күш-жігері мықты, рухы биік, өзінің мысы бар батыр болдым. Бірақ көп алдына шықпаған, резервтегі адам болдым. Ауылдың басына күн туған шақта еліне көмектесу үшін барын салып, фильмнің оқиғасын алып шығады.

Осы фильмге шақырту алғанда неге мән бердіңіз? «Мынандай образдарға түспеймін» деген қағидаңыз бар ма?

Ұсынған рөлдің бәріне түсе бергің келеді, әрине. Бірақ фильмнің продюсері кім, режиссері кім, актерлік құрам қандай, сценарийі қалай өрбиді деген сұрақтар бойынша бәрін бір шолып шығамын. Көңілден шықса, фильмге түсуге келісемін.

Ал режиссерлер актерларға біртипті рөлдерді ұсына береді, басқа бағытта сынап көруге қорқады деген ойға көзқарасыңыз қандай?

Режиссерлер біртекті рөлдерді ұсынады деген пікірге келіспеймін. Себебі олар кәсіби көзқараспен қарайды ғой. Мысалы бір актер тек қана күзетшінің рөлін тамаша алып шығады, бірақ оған бастықтың рөлі келмейді. Режиссер соны біледі. Әр сценарист, режиссер, оператор өз туындысын өзінің шығармашылық ұшқырлығымен жасайды. Олардың жұмысын сынай алмаймын. Негізі актер болғаннан кейін, рөлді таңдамау керек. Кішкентай рөл болмайды ғой. Оның үстіне образды шығару, теориядан емес, практикадан шығады. Сол үшін алдыңа келген рөлге мұрын шүйіріп қарамай, оған практика ретінде қарап, оған түсіп шынығу керек. Сонда ғана актер өз рөлін табады. Оның пайдасы тимесе, зияны жоқ.

«Белгісіз батырлар» — комедия. Осы орайда «ата-бабамызды, өткен шағымызды әзілге айналдырды» деген сын тағылса, сіздің реакцияңыз қандай болмақ?

Біздің еліміздің өзі де, кино саласы да азат болғанына отыз-ақ жыл болды. Әр нәрсенің даму жолында «қисық» туынды болады. Оны даму тарихындағы қателік деп есептеуге де болмайды. Қателік болмаса, алға жылжу да болмайды. Егер сәтсіз кино шықса, ол елдің киноқорында бір нұсқа болып тұра береді.

Біз тек комедия ғана емес, құбыжықты да, криминалистиканы да, жас категориясына сай 18+, 21+ фильмдерді де түсіріп көруіміз керек. Қазір біздің елде комедия ғана өтімді болып тұр. Және оны да түрлі стильде түсіріп көру керек.

Мысалы бұл фильмнің сценарийінде баяндалған ғасырда да шынымен күлкілі болған, шынымен сатираға арқау боларлық жағдайлар болған шығар. Мүмкін содан осы заманда сабақ алармыз. Себебі дамыған елдерде күлкіге бағытталған туындыларға қарап, намыстанбай, керісінше өзімен жұмыс істеуге кіріседі. Біз де комедияны жиі түсіріп жатырмыз. Ондағы барлық оқиғаны өзімізге сабақ қылуымыз керек.

Өнерде айдынында өзіңізбен қатар жүзген бауырларыңыз үлкен экрандарда фильм ұсынып, кассаларды жарып жүр. Сіздің түсіретін фильм қандай тақырыпты қозғамақ?

Қандай фильм түсіретінім құпия болып қалсын. Өзім де ол жайлы ойлану үстіндемін. Ал қашан, қалай түсіретінім туралы айтқым келмейді. Қазір «Белгісіз батырлар» сынды толықметражды фильм түсіріп жүргендерден үйреніп жүргенім көп. Әр түскен кином, әр түскен сериалым, әр жазған сценарий — мен үшін тәжірибе. Осы арқылы өзімді шыңдап, қорымды толықтырып жүрмін. Қазір «фильм түсір» дейтін болсаңыз, беталды түсіре салуым мүмкін. Бірақ әлі білмесім бар болуы мүмкін. Әзір осы саланы зерттеу үстіндемін. Бұл жерде ақша құйып, оны ақтай алмасаң үлкен стресске әкелуі мүмкін ғой. Сондықтан үлкен экранға кино түсіре салу — өте қиын.

Сұхбатты жүргізген Жанар Тайырқызы.

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 06.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?