«Халықты мазақтау»: Қазнет жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру сайтын талқылап жатыр

Бүгін 10:00-де жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталған болатын. Пилоттық платформа бағдарлама бойынша бір уақытта ақшаның да, автокөліктің де болуын қамтамасыз ету үшін, барлық процестің ашық болуы үшін әзірленген. Сайтта өтінім берген кезден бастап автокөлікті алғанға дейін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беріледі.

Сайт пилоттық режимде 6 ақпанда астана уақыты бойынша сағат 10:00-де autonesie.kz арнайы сайтында іске қосылды. Алайда, көптеген қазақстандық жеңілдетілген автонесиеге өтініш беріп үлгермеген. Көпшіліктің жазуынша, бірінде “Выбрать автопроизводителя” бөлімінде қате шықса, екіншісінде ЭЦҚ қол қойған кезде «произошла ошибка» деп шыққан.

«Мен отырған чаттардан бірде-бір адам өтініш бере алмаған. Қатып қалған сайт. Кім өтініш беріп үлгерді?»

«5 адам қатар отырып өтініш бердік, біреуіміз де өтпедік»

«Әлгі 760 адам түнде тіркеліп алып, қазір ұйқыны басып жатқан шығар дейді бір ойым. Мына жақта ел дүрлігіп, үміттеніп»

«Беріп көрдік. Бірақ, көлік маркасын таңдайтын жер ашылмай қойды…»

«1 минутқа жетпей қате деп шықты», — делінген хабарламаларда. 

Бүйткен сайттарыңды ұрайын! «Произашла ошибка» деп керек емес адамдардың барлығын тізімге қоспай қою кімнің «ақылы» екен! 10:00 бастап берсең де тізімге кіре алмай қалу мүмкін емес деп ойлағам. Мүмкін екен,

деп жазды журналист Арнат Байсеитов.

Блогер Дәурен Дариябек өтініш бермек түгілі, сайт «құлап қалғанын» жазды.

Тағы бір блогер стористе өтінішінің «қатып тұрғанын» көрсеткен.

Кейін қазақстандықтар бұл туралы жаппай әзілдей бастады.

Qumash телеграм арнасы жеңілдетілген автонесиеге онлайн-өтініш беріп үлгерген астаналық азаматпен әңгімелескен. Бақытты иегердің есімі — Сабыр. Ол өзінің жолы болып кеткеніне әлі де таң.

Кейін белгілі болғандай, Өнеркәсіпті дамыту қорының мәліметінше, жеңілдетілген автонесие алуға 18 секундта 761 өтініш берілген.

Платформа іске қосылған алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтініштерін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адамды құрады,

делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, «өтініш беру» функциясы істен шыққан.

Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар көлік өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне жетуге байланысты болған,

деп толықтырды қор.

Журналист Ербол Азанбектің айтуынша, «елде автокөлік шығарамыз, қарық қыламыз» деген бос сөз. Ол қолма-қол ақшаға алғысы келген жаңа көлікті бір жылдан астам уақыт бойы ала алмай отыр.

Былтырғы утильалым мәселесін қайта көтеру керек. Шетелден еркін алып келуге мүмкіндік берсін. Сұранысты уақытында қамтамасыз ете алмаса, бәсекеге қабілетсіз, деген сөз. Сайт арқылы үлгергенің ал, деген ат жарыс жасап, халықты мазақтау,

дейді ол.

Еске салайық, келесі өтінімдерді қабылдау қазақстандықтарға наурызда қолжетімді болады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago