Бүгін 10:00-де жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталған болатын. Пилоттық платформа бағдарлама бойынша бір уақытта ақшаның да, автокөліктің де болуын қамтамасыз ету үшін, барлық процестің ашық болуы үшін әзірленген. Сайтта өтінім берген кезден бастап автокөлікті алғанға дейін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беріледі.
Сайт пилоттық режимде 6 ақпанда астана уақыты бойынша сағат 10:00-де autonesie.kz арнайы сайтында іске қосылды. Алайда, көптеген қазақстандық жеңілдетілген автонесиеге өтініш беріп үлгермеген. Көпшіліктің жазуынша, бірінде “Выбрать автопроизводителя” бөлімінде қате шықса, екіншісінде ЭЦҚ қол қойған кезде «произошла ошибка» деп шыққан.
«Мен отырған чаттардан бірде-бір адам өтініш бере алмаған. Қатып қалған сайт. Кім өтініш беріп үлгерді?»
«5 адам қатар отырып өтініш бердік, біреуіміз де өтпедік»
«Әлгі 760 адам түнде тіркеліп алып, қазір ұйқыны басып жатқан шығар дейді бір ойым. Мына жақта ел дүрлігіп, үміттеніп»
«Беріп көрдік. Бірақ, көлік маркасын таңдайтын жер ашылмай қойды…»
«1 минутқа жетпей қате деп шықты», — делінген хабарламаларда.
Бүйткен сайттарыңды ұрайын! «Произашла ошибка» деп керек емес адамдардың барлығын тізімге қоспай қою кімнің «ақылы» екен! 10:00 бастап берсең де тізімге кіре алмай қалу мүмкін емес деп ойлағам. Мүмкін екен,
деп жазды журналист Арнат Байсеитов.
Блогер Дәурен Дариябек өтініш бермек түгілі, сайт «құлап қалғанын» жазды.

Тағы бір блогер стористе өтінішінің «қатып тұрғанын» көрсеткен.

Кейін қазақстандықтар бұл туралы жаппай әзілдей бастады.



Qumash телеграм арнасы жеңілдетілген автонесиеге онлайн-өтініш беріп үлгерген астаналық азаматпен әңгімелескен. Бақытты иегердің есімі — Сабыр. Ол өзінің жолы болып кеткеніне әлі де таң.


Кейін белгілі болғандай, Өнеркәсіпті дамыту қорының мәліметінше, жеңілдетілген автонесие алуға 18 секундта 761 өтініш берілген.
Платформа іске қосылған алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтініштерін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адамды құрады,
делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, «өтініш беру» функциясы істен шыққан.
Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар көлік өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне жетуге байланысты болған,
деп толықтырды қор.
Журналист Ербол Азанбектің айтуынша, «елде автокөлік шығарамыз, қарық қыламыз» деген бос сөз. Ол қолма-қол ақшаға алғысы келген жаңа көлікті бір жылдан астам уақыт бойы ала алмай отыр.
Былтырғы утильалым мәселесін қайта көтеру керек. Шетелден еркін алып келуге мүмкіндік берсін. Сұранысты уақытында қамтамасыз ете алмаса, бәсекеге қабілетсіз, деген сөз. Сайт арқылы үлгергенің ал, деген ат жарыс жасап, халықты мазақтау,
дейді ол.

Еске салайық, келесі өтінімдерді қабылдау қазақстандықтарға наурызда қолжетімді болады.