«Қазгидромет» 2022 жылғы 19-21 желтоқсанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, қар жауады, боран соғады, жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Суық арктикалық ауа массаларының әсерінен республиканың барлық дерлік аумағында ауа температурасының солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 15-28 градус аязға дейін төмендеуі күтілуде.