Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > 2% жеңілдікпен ипотека: оны қанша қазақстандық рәсімдей алады
Басты жаңалықтарЭкономика

2% жеңілдікпен ипотека: оны қанша қазақстандық рәсімдей алады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 03.10.2022
Обновлено 03.10.2022 в 04:10
Поделиться
Поделиться

Қазақстанда «Бақытты Отбасы» бағдарламасы жұмыс істейді, оның аясында 2%-бен ипотека рәсімдеуге болады. Бірақ мұндай мүмкіндік барлық қазақстандыққа берілмеген. NUR.KZ журналистері бұл бағдарламаға қанша азамат қатыса алатынын білді.

Мазмұны
Жаңартылған ережеЖеңілдікті ипотеканы қанша азамат пайдалана алады?

Жаңартылған ереже

«Бақытты Отбасы» жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасы 20 маусымда басталды. Оның шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан қазақстандықтар тұрғын үйді төмен пайыздық мөлшерлемемен — небәрі 2%-бен сатып ала алады.

Бұған дейін бұл ипотекалық бағдарламаның шарттары өзгерген, соның нәтижесінде оны бұдан да көп азаматтар пайдалана алады.

Жаңартылған ережелерде отбасы табысының жоғарғы шегі, қарыздың ең жоғары сомасы алынып тасталды, сондай-ақ жеңілдікті ипотеканы пайдалана алатын азаматтардың тізімі кеңейтілді.

Жаңа ережелер бойынша 2% ипотеканы келесі әлеуметтік осал санаттардан қазақстандықтар пайдалана алады:

  • көпбалалы отбасылар;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетім балалар.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ҚР ИИДМ) хабарлағандай, азаматтардың бұл санаттарында тұрғын үй аса өткір мәселе.

Айта кету керек, бұған дейін бұл тізімге толық емес отбасылар да кірген, алайда ажырасулардың көбеюіне байланысты бұл санатты бағдарламадан алып тастау туралы шешім қабылданды. Үкімет қаулысы аясында толық емес отбасыларға тек «Шаңырақ: 5-10-20» бағдарламасы бойынша ипотека беру ұсынысы қолдау тапты.

2% ипотека жоғарыда аталған төрт санаттағы азаматтарға ғана тиесілі. Әкімдікте кезекте тұрған барлық басқа азаматтарға жылдық 5% жеңілдікпен қарыз қолжетімді.

Жеңілдікті ипотеканы қанша азамат пайдалана алады?

2% ипотека барлығына қол жетімсіз, 2022 жылға тек 5000 отбасына «несие беру» жоспарлануда. Осыдан жеңілдікті бағдарламаға қанша азамат қатыса алады деген сұрақ туындайды.

ҚР ИИДМ деректері бойынша бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік осал төрт санатына кіретін 220 мыңнан астам азамат бар:

  • көпбалалы отбасылар — 91 мың адам;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар — 51 мың адам;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар — 24 мың адам;
  • жетім балалар — 61 мың адам.

Ведомствоның хабарлауынша, «Мықты өңірлер — елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін 46 мыңға жуық жеңілдетілген қарыз беру жоспарлануда, оның ішінде 2%-бен — 28,1 мың кредит, ал 5%-бен — 18,2 мың кредит.

Анара Бауыржанқызы 03.10.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамЭкономика

Қазақстанда тозған көлік көбейіп кетті

04.06.2024
Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
ҚоғамЭкономика

Samsung Қазақстанда кір жуатын мәшине, теледидар шығаруы мүмкін

28.05.2024
Экономика

Жұбайының рұқсатынсыз несие алуға тыйым салатын заң кері қайтарылды

23.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?