Ержан есімді цирк қызметкері екі әйелге бірден үйленгеннен кейін желіде қызу талқыға түсті. Содан бастап әлеуметтік желіде өз парақшасын жүргізіп, халықпен сұхбаттаса бастады. Бұл туралы KYN.KZ жазды.
Ержан желідегі халықты қызықтырған көптеген сұраққа жауап берді.
Иә, мен ораза ұстадым. Ауыз ашатын уақытқа дейін сіздермен сөйлесіп, сұрақтарыңыз болса жауап беремін. Екі әйел алғаным рас. Өзім циркте жұмыс істеймін. Шымкенттегі Қайтпаста тұрамын. Шыққан ауылым — Жетісай. Әйелдерім үйде, жұмыс істеп жатыр,
дейді ер.
Айтуынша, екі әйелі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бастапқыда қыздардың туыстары қарсы болғанын да жасырмады. Алайда, қыздары келіскен соң көнген. Және жігіттің әзірше үшінші әйел алу жоспары жоқ екенімен бөлісті.
Бұйыртса, қос-қостан перзент сыйлап, ұрпағым оннан асады деп отырмын. Маған негатив жазбаңыздар. Таза мұсылман елдің төсегі мен ішкиіміне үңілмейді. Таза мұсылман екі әйел алудың, оны ұстаудың ережесін, жөнін біледі. Иә, менің әйелдерім бір үйде тұрады. Екеуі екі бөлмеде. Бір күні бірінші бөлмеде болсам, екінші күні келесі бөлмеде қонамын. Ол сұрақты енді қайтып қоймаңыздар!,
деп ағынан жарылды ер жігіт.
Шымкент қаласының тұрғыны жайлы алдымен көпшілік желі арқылы білген еді. Оның бір күнде қалайша екі қызға үйленгенін көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне таңғалып жарыса айтты. Алғашында «КҮН.КЗ» редакциясына жігіттің тойында болған қонақтар видео жолдаған еді. Кейіннен материал сайтқа шыққан сәтте жігіттің әпкелері ұялса керек, «Бұл өтірік» деп хабарласты. Араға көп уақыт салмай бұл жағдайдың шын екенін жігіттің өзі растады.
Ержан есімді 27 жастағы жігіт циркте жұмыс істейді екен. Ол жігіт күнінде екі бойжеткенмен қатар сөйлесіп жүрген. Кейіннен екеуін бірдей үйіне алып келген. Анасы қанша қарсы болғанына қарамастан, екі бойжеткен де «Ержанның келіншегі болып, осында қаламыз» деп шешім қабылдаған.
Желі қолданушыларының пікірі сан түрлі болды. Ерлер жағы Ержанды қолдаса, қыздар қауымы бұл жағдай үлгі алуға тұрарлық емес дегенді айтуда.
«Басы «тәтті» болса аяғы қатты деген. «Керемет» күндер артта қалып, нағыз өмірмен бетпе-бет келгенде бет те ашылар, маска да шешілер. Бір күндері «Астарлы ақиқат» немесе «Көреміз» бағдарламасында айтысып, тартысып, жыртысып жүрмесін.»
«Ма ша Аллах Алланың рұқсат берген нәрсесі бұл негатив жазбау керек қазақты көбейтсін. Екі кеме құйрығын, ұста жетсе бұйрығың деген».
«Бір күнде екі әйел алу деген ұғымға симайды. Жанұяңның шу шығаруы дұрыс. Жастарға бұл жағдай өрескел. Әйелдерің бір түрлі адамдар екен»
«Осындайларды неге жарнамалай бересіздер. Құрып кетсін. Ал анау жігіт тек циркте емес өмірде де клоун екен»
деп жазды Желі қолданушылары.