Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Галерея > 2022 жылы перзент сүйген жұлдыздар
Галерея

2022 жылы перзент сүйген жұлдыздар

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 30.12.2022
Обновлено 30.12.2022 в 11:12
Поделиться
Поделиться

2022 жыл қиын жылдардың бірі болғанымен, қуанышты жаңалықтар да көп болды. Мысалы, көпшілік отбасы перзент сүйді. Біреулер тұңғыш рет ата-ана атанса, басқалары көпбалалы ата-ана болды. Ендеше 2022 жылы ата-ана атанып, сүйінші сұраған жұлдыздарға тоқталайық.

Jah Khalib есімен танымал әнші Бахтияр Мамедов биыл тұңғыш рет әке атанды. Әншінің жары қыз баланы дүниеге әкелді. Қуанышты жаңалық әншінің өнеріне де әсер еткен ұқсайды. Ол қызының құрметіне «Дочь» әнін жазды. Ай бұрын шыққан әнді Youtube-те 16 миллионнан астам адам тыңдаған. Әншінің анасы Ләззат Мамедованың айтуынша, Бахтияр мен жұбайы қызының есімін Сафия деп қойған.

Блогер Айсәуле Бақытбек те биыл қаңтарда тұңғыш рет ана болды, ал анасы Баян Мақсатқызы тұңғыш рет әже атанды. Айсәуле қыздарының кіндігін жолдасы кескенін, босану кезінде үлкен қолдау білдіргенін айтты.

Актер Еркебұлан Дайыровтың отбасында да атқа мінер дүниеге келді. Актер ұлына Бауыржан деп ат қойған. Жұптың Кәусар есімді жеті жасар тұңғыш қыздары бар.

Биыл Мақпал Исабекова 38 жасында тұңғышын дүниеге әкелді. Әнші шекесі торсықтай ұлын жолдасымен қатты күткенін, осындай жауапты шешімге дайындалғанын кейіннен сұхбаттарда айтып берді. Мақпал жолдасымен бірге ұлына ерекше — Теодор деген есім берді. Әншінің айтуынша, Теодор «Құдайдың сыйы» деген мағына береді.

Сонымен қатар, биыл әнші Нұржан Керменбаев көпбалалы әке атанды. Сәбиге Имран деген есім берілгені белгілі болды. Еске салайық, бүгінде әншінің үш ұлы, бір қызы бар. Оған қоса Нұржан Керменбаевтың тұңғышы биыл мектеп табалдырығын аттады.

«Алланың қалауымен Болатбек Имран Нұржанұлы патшамыз аман-есен дүниеге келді. Аяқ-қолымды бауырыма алып, жеңілдеп, Аллаға шүкір деп жатырмыз. Баршаңызға осындай бақыт жұғысты болсын»,

деп жазды әншінің жұбайы Назерке Керменбаева.

Нұржанның «Арнау» тобындағы серіктесі Салтанат Бақаева да көпбалалы ана атанды. Биыл жыл басында әнші төртінші перзентін дүниеге әкелді. Ол өзін енді «многодетная мамаша» деп атауға болатынын айтып, жазба жариялады. Сондай-ақ, сәбиіне Әбдімәлік Әрсен Нұржанұлы деген есім бергенін, бұл таңдауды оның жұбайы жасағанын жеткізді.

Әнші перзентханадан шығарып алу сәтін де шағын ғана тойлауды жөн көргенін айтты. 

«Әйелдің қырық жаны бар! Қаншалықты дөп айтылған сөздер! Ең қиын сәттерде, күтпеген жерден ерекше күш-жігерің оянып, бүкіл әлем сол күштің астында жеңілгендей! Әйел — жеңімпаз! Өйткені ол тағы бір періштеге өмір сыйлады»,

деді ол.

2022 жыл актриса Айым Сейтметова үшін де табысты жылдардың бірі болары анық. Актриса биыл тұңғышын дүниеге әкелді. Жолдасы екеуі сәбиге Томирис деген есім берді. Олар бұл есімді кездесіп жүрген кездерінде таңдап қойған.

«30.03.2022. Ана атандым. Өмірге қош келдің, қызым. Иісің қандай керемет»,

деп жазды актриса.

Балалы болғандар қатарында продюсер, тележүргізуші, актер Нұрлан Қоянбаев та бар. Қоянбаевтың шаңырағында үшінші бала дүниеге келді. Телепродюсер жары мен жаңа туған ұлының перзентханадан шыққан сәтінен видео бөлісті.

«Сүйінші,ағайын! Қазақ еліне +1 батыр»,

деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

Сонымен қатар, жазда актриса Жәния Джуринская тұңғышын дүниеге әкелді. Ол қыздарының өмірге келу сәтінде жолдасының қасында болғанын, қолдау білдіргенін жазды. Жәния қызына жүкті кезінде өзін қатты жақсы көргенін, шопоголик болып кеткенімен бөлісті. Жолдасы екеуі ақылдаса келе қыздарына Софи деген есім берді. Джуринская осы есімді өз баласына қоюды бойжеткен кезінен армандапты. Сонымен қатар актрисаның әжесінің де есімі Софи екен.

2022 жылы күзде Тәуекел Мүсілімнің екінші ұлы дүние есігін ашты. Актер ұлының есімін Әмір деп қойғанын айтты. Актердың сөзінше, тұңғышы Айтөре де інісін жылы қабылдаған. Еске сала кетейік, Тәуекел Мүсілім 2019 жылы үйленген еді. Бүгінде жұбайы екеуі қос батырды тәрбиелеп отыр.

Әке атанғандардың арасында әнші Қуандық Рахым да бар. Бірақ Қуандық қызы дүниеге келгенде гастрольде жүрді. Сол кезде ол Instagram-дағы парақшасына «Баламды көрмей тұрып сіздерге келдім, Көкшетау, Петропавл, Қостанай» деп жазған еді. Кейіннен қызы мен келіншегінің перзентханадан үйге аман-есен шыққанын жазып, сүйінші сұрады.

«Тілекпен кел, жүрекпен кел, ағайын,

Жақсылықты жақын көрсін жат көрсін.

Тәңір төгіп шуағы мен арайын,

Қызым менің — Қызырлы үйге бақ болсын»,

деп өлеңдетті әнші.

«Айгөлек» бағдарламасы арқылы танылған әнші Еркеш Хасен де биыл әке болды. Қуанышты хабарды қалың көпке өзі жеткізіп, сүйінші сұрады. Әншінің тұңғышы – қыз. Жақында Еркеш қызымен түскен видеоны жариялап, продюсерім осы кісі деп жазды. Өнер иесінің оқырманы видеоға сүйсініп, ақ тілегін жаудырды. Айта кетейік, Еркеш Хасен 2021 жылы үйленген еді.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 30.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?