Categories: Маңызды

2023 жыл. Қазақстанда не болады – көріпкел болжамы

«2023 жыл Қазақстан халқы үшін маңызды жыл болуы мүмкін. Қазақтар аузымен от шашатын алып жыланмен айқасқа түседі», дейді ресейлік атақты экстрасенс Наталия Разумовская.

Қаржылық қиындықтар болатынын көріп тұрмын!

Ақша жағынан ауыртпалықтар күтіп тұр, сол себепті қазақстандықтарды ертеңгі күнін қазір ойлап, үнемшіл болуға кеңес беремін. Артық шығындар жасамауға тырысыңыздар, дейді ол.

Екі түрлі қауіп бар. Қазақстанның жанында жылан жатыр. Аяғының астында, шөп арасында көрінбейтін. Байқамай басып кетсең, шағып алатын. Сосын түлкі көріп тұрмын. Ол не бір адам, не бір топ адам. Түлкі небір жақсы сөз айтқанымен, өзі өте жаман істер жасайды. Ал жылан сөйлемейді, тып-тыныш, тығылып жатыр, шағып алудың сәтін күтіп. Оның уы өлімге әкелуі мүмкін. Түлкінің қапқаны да өлімге әкеле алады.

Сондықтан Қазақстанның президентіне өте сақ болу керек,

дейді балгер.

Қазақ президенті данышпан адам. Кіммен болсын келісімге келе алады. Ешқашан дөрекілікке бармайды екен. Келісу оңай болмайды, тіпті келісе алмаған кездері де болады. Қазақстанға тегі жылан емес, түлкі қауіпті. Түлкінің сөзі басқа, істейтін тірлігі басқа. Оңдырмай алдап соғуы мүмкін. Оның соңы адамдар үшін ажалмен аяқталады.

Қазақстанның президентін мен танымаймын, Қазақстанның саясатын да білмеймін. Бірақ картамда президент аю сияқты көрінеді. Күндіз-түні бас алмай жұмыс істейтін сияқты. Біреулер бермей отырған ақша үшін күресіп жүр. Өзі бір үлкен, ауыр шешім қабылдаған екен. Өз еліне жаны шын ашитын адам. 2023 жылы оны орнынан ығыстыруға тырысатындар, сатып кететіндер көп болады. Бірақ ол орнында қалады.

Ол елді ешқандай соғысқа араластырмайды. Сосын кеме көріп тұрмын. Біреу елден, немесе әбден үйренген жерінен біржола кетіп қалатын сияқты. 2023-ші жылдың соңына қарай шынайы тәртіп пен әділдік орнай бастайды бұл елде,

деген екен балгер.
Фото: facebook.com/nrazumovskaya.24
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

16 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago