2023 жылдың басынан бері Алматы аумағында 75 өрт тіркелді. 2022 жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе көбейгенін байқауға болады.
Өрт сөндірушілер көліктегі өрт саны бес есе өскенін, олардың басым бөлігі жеңіл көлікке тиесілі екенін айтады.
Тұрғын үй секторындағы өрт саны екі есе өсті (2023 жылғы қаңтарда — 23 өрт, 2022 жылғы қаңтарда — 12 өрт).
Өрттің себебі көбінесе электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне, электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына, пешті жылытудың дұрыс жұмыс істемеуіне немесе отпен абайсызда жұмыс істеуге байланысты қысқа тұйықталу, электр сымдары болып табылады,
деді Алматы ТЖД.