Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > 2023 жылы әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді
Экономика

2023 жылы әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 29.12.2022
Обновлено 29.12.2022 в 03:12
Поделиться
Поделиться

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мазмұны
Декреттік төлемдерге қанша қаражат бөлінді?2022 жылы отбасыларға қандай әлеуметтік көмек көрсетілді?Мүгедек балаларға мемлекет қандай қамқорлық жасайды?

Құжат бала күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу мерзімін бір жастан бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартуды көздейді.

Декреттік төлемдерге қанша қаражат бөлінді?

1,5 жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істемейтін ата-аналар үшін республикалық бюджеттен жәрдемақының екі түрі төленетін болады.

Біріншісі – бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы. Бұған 2023 жылға 65,8 млрд теңге көзделген. 2022 жылы бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері 120 840 теңгені (38 АЕК), төртінші және одан да көп бала туғанда 200 340 теңгені (63 АЕК) құрады.

Екіншісі – бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы. Туған баланың кезектілігіне байланысты сараланған мөлшерде беріледі. Бұл мақсатқа 2023 жылы 43,8 млрд теңге қарастырылған.

Жұмыс істейтін ата-аналар үшін республикалық бюджеттен бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем төленетін болады. Айта кетейік, әлеуметтік төлем мөлшері кейінгі екі жылда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

2022 жылы отбасыларға қандай әлеуметтік көмек көрсетілді?

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша орта есеппен 56,2 мың адам бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты республикалық бюджеттен 16,4 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алған. Бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша осы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 618,7 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызы мөлшерінде жалпы сомасы 156,9 млрд теңгеге әлеуметтік төлем алды.

4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған мөлшерде жәрдемақы төленеді.

  • 4 баласы бар отбасылар үшін жәрдемақы мөлшері 16,03 АЕК-ті – 50 975 теңге,
  • 5 баласы бар отбасылар үшін 20,04 АЕК-ті – 63 727 теңге,
  • 6 баласы бар отбасылар үшін 24,05 АЕК-ті – 76 479 теңге,
  • 7 баласы бар отбасылар үшін 28,06 АЕК-ті – 89 231 теңгені құрады.

Ал 8 және одан көп балалары бар отбасылар үшін әр балаға 4 АЕК-тен жәрдемақы тағайындалған. 2022 жылдың 1 желтоқсанына арналған дерекке сүйенсек, орта есеппен 498,5 мың көпбалалы отбасы жалпы сомасы 315,6 млрд теңгеге жәрдемақы алған.

Мүгедек балаларға мемлекет қандай қамқорлық жасайды?

Осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша еліміздегі мүгедектігі бар балалар саны 101,6 мыңды құрады. Оның ішінде 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 32,1 мың, бірінші топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 10,9 мың, екінші топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 22,2 мың адам, үшінші топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 36,4 мың адам.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, мүгедек адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі жұмыс істейді:

— әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түріндегі мемлекеттік көмек және қолдау;

— мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу;

— арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.

Мүгедектігі бар балалар ай сайынғы жәрдемақы алады. Олардың мөлшері келесідей:

– I топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін – 1,92 күнкөріс деңгейі көлемінде (71 787 теңге);

– ІI топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін – 1,59 күнкөріс деңгейі көлемінде (59 449 теңге);

– ІІI топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін – 1,40 күнкөріс деңгейі көлемінде (52 345 теңге);

Бұдан бөлек, мүгедектігі бар баланы кәмелетке толғанға дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, қамқоршыға 1,4 күнкөріс деңгейі көлемінде немесе 52 345 теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Мүгедектігі бар балалар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторий-курорттық емдеумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің және ыммен сөйлеу маманының қызметтерімен (60-тан астам атау) қамтамасыз етіледі.

Анара Бауыржанқызы 29.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамЭкономика

Қазақстанда тозған көлік көбейіп кетті

04.06.2024
Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
ҚоғамЭкономика

Samsung Қазақстанда кір жуатын мәшине, теледидар шығаруы мүмкін

28.05.2024
Экономика

Жұбайының рұқсатынсыз несие алуға тыйым салатын заң кері қайтарылды

23.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?