2023 жылы зейнетақы мөлшері қалай өзгереді

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Аталған заң жобасы аясында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты және базалық бөліктерден тұратын зейнетақының ең төменгі мөлшері 77 417 теңгені құрайды. Бұл ретте ынтымақты бөлігі 53 076 теңге болып белгіленіп, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 24 341 теңгеге өзгереді.

Сондай-ақ зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат жасына байланысты және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 10,5 пайызға арттыру қарастырылған.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдаланудың 2023 жылға ең төмен жеткіліктілік шегін белгіледі. Қор мәліметінше, 2023 жылға белгіленген ең төмен жеткіліктілік шегі жас мөлшеріне байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі сома болады. Бекітілген әдістемеге сәйкес, ең төменгі жеткілікті шек шамалары әр жас мөлшері үшін жеке анықталады және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді.

Нақтырақ айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі — бұл салымшының зейнетке шыққаннан кейін ең төменгі базалық зейнетақымен қоса ең төменгі зейнетақыдан кем емес жиынтық төлемдер алуы үшін шотында қалуға тиісті ең төменгі сома.

Осылайша, 2023 жылы 20 жастағы салымшы зейнетақы шотындағы 3 млн 260 мыңнан, 30 жастағы салымшы 4 млн 580 мыңнан, 40 жастағы салымшы 6 млн 100 мыңнан, 50 жастағы салымшы 7 млн 860 мыңнан, 60-62 жастағы салымшылар 9 млн 890 мыңнан асқан соманы мерзімінен бұрын пайдалана алады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

8 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

8 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

8 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

9 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

10 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

1 день ago