Қазақстанда екі күнде 14 адам газдан уланып, 3 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте республика бойынша түрлі дәрежедегі улы газдан 14 адам ауруханаға түсті, 3 адам қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

  • Мысалы, 19 желтоқсанда Семей қаласында пешпен жылытылатын 2 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережесін бұзғандықтан, түтін мұржасының тартылуының болмауына байланысты улы газдан уланып 1994, 1971 және 1997 жылдары туған 3 адам ауруханаға жатқызылды.
  • Сонымен қатар 19 желтоқсанда Астана қаласында пешпен жылытудың ақаулығына байланысты 2 қабатты жеке тұрғын үйде орташа ауырлықтағы улы газдан уланып, 1970, 1990, 1994, 2012, 2015, 2018 жылдары туған азаматтар ауруханаға жеткізілді.
  • 2022 жылғы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Малеевск кентіндегі орталық ауруханасына улы газдан улану белгілері бар 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Белгілі болғандай, апат жігіт ваннада болған кезде тазаланбаған мұржаның салдарынан болған.
  • Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы жеке тұрғын үйде 18 желтоқсанда газ колонкасын пайдалану ережелерін бұзғандықтан улы газдан уланып, ауыр жағдайда 1959 жылы туған үй иесі және 1990 жылы туған азамат, сондай-ақ 11 және 7 жастағы балалар ауруханаға жатқызылды.
  • Оқиға орнына ТЖД-ның 1 қызметкері және «ҚазТрансГазАймақ»АҚ-ның 3 қызметкері барды.
  • Сонымен қатар Жамбыл облысында 19 желтоқсанда адамдардың өліміне әкеп соққан улы газдан улану оқиғасы орын алды. Қонаев ауылынан 40 км қашықтықта «Шәріпхан» шаруа қожалығында жеке тұрғын үйде, бұрын қатты отынмен жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзғандықтан, улы газдан уланып, 1965 ж.т, 1969 ж.т. және 2008 ж.т. отбасының 3 мүшесі қайтыс болды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамның 2 адамы мен 1 бірлік техникасы шықты.

Құрметті азаматтар! Ықтимал қайғылы салдардың алдын алу үшін үнемі абай болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. ҚР ТЖМ халыққа жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды ұсынады. Пештердегі жарықтарды жою, мұржаларды 3 айда кемінде 1 рет тазалау, аязда пештерді қатты қыздырмау, от жағу үшін ұзындығы от жағу өлшемінен аспайтын отынды пайдалану қажет. ТЖ туындаған жағдайда «112» нөмірі бойынша хабарлау қажет,

деп ескертті Төтенше жағдайлар министрлігі.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

15 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

4 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

4 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

4 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

4 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

5 дней ago