Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > 2040 жылдары бізді мұнай емес, уран асырайтын болады — сарапшы
Экономика

2040 жылдары бізді мұнай емес, уран асырайтын болады — сарапшы

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 19.04.2023
Обновлено 19.04.2023 в 11:04
Поделиться
Поделиться

«Бұралаң белестер артта, алда биік шың», — деп сенеді сарапшы Айбар Олжаев. Ол мұндай тұжырымды Жапонияның Саппоро қаласында өткен G7 елдерінің ядролық конференциясынан кейін жасап отыр. Айтуынша, осы конференцияда планетаның жеті алпауыт мемлекеті Ресейді ядролық таблеткалар нарығынан шеттету жайлы шешім қабылдаған. Енді олар үшін Қазақстан негізгі балама ретінде қарастырылмақ.

Ресей әлемдегі АЭС-терге ядролық отын құрамасын (отын құрамалары — уран таблеткасы мен цирконийден жасақталады) жеткізіп жүрген ең ірі ойыншы болатын. Тіпті АҚШ-тың ішкі нарығының 25 пайызын Росатом қамтамасыз етіп отырған. Енді РФ ядролық отын бойынша Еуропада Венгрия мен Түркияны ғана сақтап қала алатындықтан, толығымен БРИКС елдеріне кетуге мәжбүр болады. Оның ішінде де, тек Бразилия және Үндістанға АЭС отынын сата алады, себебі Қазақстан Үлбідегі зауытты іске қосып, Қытай нарығын өзіне байлап алған болатын,

дейді экономист.

Олжаевтың пікірінше, Қазақстан әлемдегі уран таблеткалары нарығының алтын тағына отырса, Қазатомпром сөзсіз еліміздің ең қымбат компаниясы атанады. Қазір бұл статусқа Kaspi.kz ие. Бірақ ол үшін бірнеше фактор сәйкес келуі тиіс дейді ол.

Біз қазір уранның шикізаттық державасымыз. Бірақ дайын уран таблеткаларының ірі алпауыты болуы үшін технологиялық бір циклды өзімізде ұйымдастыра алмадық. Ол — «сары кекті» (тазартылған уран рудасы) конверсиядан өткізіп, гексофторидке айналдырып, ары қарай оның құрамындағы уран-235 изотопының үлесін арттыру, яғни байыту.

Қазатомпром АЭС отынын дайындау үшін сары кекті Ресейдің «Уранды байыту орталығына» қарасты (Росатом құрамына кіреді) «Урал электрохимия комбинатында» байытады. Басында сол орталықты Қазақстан мен Ресей 50/50 паритетімен құрған болатын. Артынан саяси қысым жасалды ма, түсініксіз жағдайда Қазақстан өзінің 49% акциясын Ресейге 100 миллион долларға сатып жіберіп, өзінде тек 1% акция ғана қалдырды. Ол 1% акция, сол кездегі мәлімдемелерге сенсек, осы орталықтың Қазақстанға уран байытып отыратына кепілдік береді. Бірақ Ресей кез-келген уақытта уран байыту бағасын көтеріп жіберуі мүмкін, немесе Қазатомпромның аяғынан шалу үшін өндірісті тоқтатып тастай да алады,

деп нюанстарында тоқталды Айбар Олжаев.

Сондықтан уранды өзімізде байыта алсақ, дейді сарапшы, толық циклге қол жеткізе аламыз. МАГАТЭ уран банкін ұстап отырған мемлекет ретінде, бізге әлемдік ядролық қауымдастықтың көзқарасы өте жақсы екенін айта кету керек. Мемлекет басшысының МАГАТЭ төрағасымен кездесуі осының айғағы деп сенеді Олжаев.

Сондай-ақ, Қазатомпром басшысы Ержан Мұқанов Блумбергке 2025 жылдан бастап Шығыс Еуропадағы АЭС-тердің уранды Росатомнан емес, Қазақстаннан алғысы келетінін айтқан болатын. Биыл Қазатомпромның өндірісті бұрынғы деңгейде (шамамен 22 мың тонна) сақтаймыз деген жоспары бар. Бірақ, егер сұраныс артса, қосымша уран өндіре алатын қуаты жетеді.

Қазатомпром 2020 жылға дейін уранды Ресей территориясы арқылы экспорттап келсе, қазір Каспий теңізі арқылы Қара теңізге, ары қарай Еуропаға баратын маршрут пен Қытай арқылы Тынық мұхитқа шығатын маршрутты іске қосты. Яғни, Ресей енді логистикамызға кедергі бола алмайды,

деп есептейді Олжаев.

Бүкіләлемдік ядролық қауымдастық әлемдегі уранға деген сұраныс 2030 жылға дейін 30 пайызға артады деп жоспарлап отыр. Дамыған елдер 2030 жылдан бастап декарбонизация (көмірсіз, мұнайсыз өмір) кезеңіне аяқ басатын болса, 2040 жылдары бізді мұнай емес, уран асырайтын болады. Теңге курсы да — мұнай бағасына емес, биржадағы уран бағасына қатысты болмақ.

Қазақстан өз тарихында қуанғаннан көрі көбірек жылаған мемлекет. «Қара мен ақ, түн мен күн» теориясына сәйкес, еліміздің қуанатын кезеңі енді ғана басталатын сияқты. Түн бітті, енді күн шығады деп сенемін,

деп позитивті ойын бөлісті экономист.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 19.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?