Қазақстанға ауысуға Үндістан мен пәкістандық жастар өтініш білдіруде.
ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Шығыс Қазақстан университетінің оқытушыларымен кездесуде 23 мың студент Украинадан Қазақстанның жоғары оқу орындарына ауысқысы келетінін айтты. Министр мұншама студенттер ағынына алаңдаулы.
Украинаның медициналық университеттерінде оқитын үндістандық және пәкістандық студенттер елдегі саяси жағдайға байланысты олжерде оқи алмайды. Сол себепті олар Қазақстанға көшкісі келеді. Енді біз оған не істейміз, сол ойландырады,
деді министр.
Сонымен қатар, Ресей жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерінен де осындай өтініштер келуде. Онымен қоса, Қазақстандағы медициналық университеттерде профессорлар да сабақ беруге ниет білдірген.
Біз академиялық инфрақұрылым туралы байыпты ойлауымыз керек. Біз осындай мөлшерде адамдарды қабылдай аламыз ба, қабылдағаннан кейін қалай сіңіседі, оның бәрі толғандырады. Бұл қысым күшейе түседі,
деді ғылым және жоғары білім министрі.
Ол мәселені шешу үшін тек университеттер ғимараттарының кеңейту емес, сонымен қатар цифрлық жоғары оқу орындарын да көбейту керек екенін атап өтті. Саясат Нұрбектің айтуынша, мұндай оқу орындарының үлгілері әзірленуде.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…