Ресей әскерінен азат етілген Харьков облысында тағы бір зират табылды

Украинаның Харьков облысы Боровский ауданы Копанки ауылы маңында 20-ға жуық адам жерленген зират табылды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұны жуырда ғана осы аумақтан кеткен Ресей әскері жасаған. Бұл жөнінде Украина ұлттық полициясы хабарлады.

Зиратта кемінде 17 адам жерленген болуы мүмкін. Копанки ауылы тұрғындарының айтуынша, орыс әскері 13 сәуірде екі жүк көлігімен мәйіттерді әкеліп, экскаватормен жер қазып, сол жерге тастаған. Солдаттар жерленген орынды орыс күштері танкімен жаймалап, ешқандай белгі қалдырмаған. Өзгелерге де белгі қалдыруға тыйым салған.

Қыркүйекте украин армиясы контршабуыл кезінде Харьков облысының Изюм қаласы мен тағы 300 елді мекенді орыс әскерінен азат еткен. Ресей әскері аймақтың солтүстік аудандарынан кеткен. Ізінше Изюмнан 436 адам жерленген зират табылды. Украина билігі оларға эксгумация жасап, көбінің күшпен өлтірілгенін, отызының азапталғанын мәлімдеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago