«Қазгидромет» мамандары 24 ақпанға ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктерді мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады — қар және жаңбыр жауады, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
ҚР бойынша көктайғақ, тұман, найзағай, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.