Қазақстанда тұрғындардың микроқаржы ұйымдарына қарызы 2 трлн теңгеден асты, деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
2022 жылғы төртінші тоқсанда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (МҚҚЖҰ) активі 10,2%-ға ұлғайып (2022 жылғы өсу – 34,4%), 2023 жылғы 1 қаңтарда 2,1 трлн теңге болды.
Активтің ұлғаюы микроқаржы ұйымдарының кредит портфелінің өсуіне байланысты. МҚҚЖҰ құрылымында активтің ең көп үлесі – 1 млрд 102 млн теңге немесе 52% микроқаржы ұйымдарына, 756 млрд теңге немесе 36% кредиттік серіктестіктерге, 254 млрд теңге немесе 12% ломбардтарға тиесілі.
МҚҚЖҰ-ның несие портфелі 2022 жылғы төртінші тоқсанда 350 млрд теңгеге немесе 20,2%-ға ұлғайып (2022 жылғы өсу – 50,9%), жеке тұлғаларға берілген қарыздардың өсуі нәтижесінде 2 трлн теңге болды
2022 жылғы төртінші тоқсанда жеке тұлғаларға берілген қарыз көлемі 2,6%-ға өсіп, (2022 жылғы өсу – 30,8%) биыл 1 қаңтарда 1,1 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде жеке кәсіпкерлерге берілген қарыздар 8,6%-ға немесе 242 млрд теңгеге дейін өсті (2022 жылғы өсу – 30,4%).
Былтыр төртінші тоқсанда заңды тұлғаларға берілген қарыз 70,2%-ға немесе 732 млрд теңгеге дейін өсті. 2022 жылы өсу – 113%.
Заңды тұлғалардың несие портфелінің айтарлықтай өсуі кредиттік серіктестіктер несие портфелінің өсуімен байланысты болды.
2023 жылғы 1 қаңтарда МҚҚЖҰ портфелінде 90 күннен асып кеткен қарыздар (NPL) деңгейі – 3,6% (2022 жылғы 1 қаңтарда – 5,5%).
Жеке тұлғалар портфелінде NPL деңгейі – 5,4% (2022 жылғы 1 қаңтарда – 7,0%).
Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…
Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…
ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…
Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…
23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…