Categories: Саясат

Грузия депутаттары Парламентте төбелесіп қалды

Грузия Парламентінде депутаттар заң шығару барысында төбелесіп қалды. Орнында отырып, кезексіз сөйлеген депутаттарды заң комитеті төрағасының шығарып жіберуді сұрағаны жанжалға себеп болды.

Заң комитетінің төрағасы бірнеше депутатты орындарынан айқайлап, кедергі келтіргендіктен залдан шығаруға шақырғаннан кейін жағдай қыза түсті. Нәтижесінде оппозицияның бір бөлігін шығарып жібере алған. Қазір отырыста үзіліс жарияланды, — делінген хабарламада.

3 наурызда Грузия парламентінің оппозициялық депутаттары шетелдік агенттер туралы заң жобасын қараудың басталуына жол бермеуге тырысты, нәтижесінде депутаттар бір-біріне жұдырық ала жүгірген. АПА-ның Тбилиси тілшісі хабарлағандай, «шетелдік агенттер» туралы заң жобасын талқылау кезінде депутаттар мен азаматтық қоғам өкілдері арасында түсініспеушілік орын алған.

Аталған заң жобасын халықаралық қатынастар комитеті мен қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жабық отырысында талқылау барысында оппозиция депутаттары отырысқа азаматтық қоғам өкілдерін тартуға тырысты. Осы уақытта заңның қабылдануын қолдайтын депутаттар мен оппозиционерлер арасында төбелес болды. Қауіпсіздік қызметкерлері депутаттарды күшпен залдан шығаруға мәжбүр болды.

Төбелес нәтижесінде отырыс шамамен 40 минутқа тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, «шетелдік агенттер туралы» заң жобасы Парламентте «сырттан ықпал ету агенттері туралы Заң» деген атпен тіркелген. Оппозициялық партиялар, ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылар билеуші партия қолдаған заң жобасын сынға алады. АҚШ-тың Грузиядағы елшісі Келли Дегнан бұл заңды «Ресей заңы» деп атады. АҚШ Мемлекеттік департаменті сонымен қатар заң жобасы Грузияның еуроатлантикалық интеграцияға деген ұмтылысына қайшы келетінін айтты.

Заң жобасына сәйкес, табысының 20%-дан астамын шетелдік көздерден алатын БАҚ субъектілері мен үкіметтік емес ұйымдар сырттан ықпал ету агенттері ретінде тіркелуі керек.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago