«Қазгидромет» РМК синоптиктері 27-29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты, ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.
Қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, бұрқасын, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді,
делінген хабарламада.