Categories: Білім

3 ай демалыстан шыққан баланы мектепке қалай дайындау керек?

1 қыркүйек жақындап келеді. Жаз бойы оқу режимінен шеткері қалған балалар енді қайтадан мектепке баруы керек. Режимге қалай үйретеміз? Дайындықты неден бастаймыз? Бұл сауалдарға психотерапевт Сәлима Сатылғанқызы жауап берді.

Психолог бала үшін оқу режиміне бірден сүңгіп кету стресс туғызатынын айтты. Сондықтан баланы мектепке дайындау қыркүйектен басталмауы керек.

Баланы тамыз айының ортасынан бастап оқу жылына дайындау қажет. Ерте тұрғызып, күнделікті режимді ұстана бастау керек. Мектебіне алып барып, алдын ала көрсеткен дұрыс. 1 қыркүйекте мектепке еш дайындықсыз барған балаға білім алу қиын болады,

дейді Сәлима Сатылғанқызы.

Маман баланы мектепке алдын ала дайындамаса, ұйқы режимі бұзылатынын айтады. Жаз бойғы демалыстағы еркін режим өзгергенде бұдан бала стресс алуы мүмкін.

Бала мектепті де, сабақты да, мұғалімдерін де жақтырмай жүруі мүмкін. Сондықтан сабаққа осы тамыз айында дайындала бастау керек. Ол үшін балаға кітап оқытқызуға болады. Бұл кезде ата-ана баласына бұйырудың орнына, кітапты өзі бірге отырып оқығаны дұрыс,

дейді маман.

Психологтың айтуынша, бала мектепке қайта оралғанда қосымша үйірмелерді қоя тұрған жөн. Бастапқы уақытта тек мектептің сабағына барып-келумен шектелген дұрыс. Балаға мұғалімдеріне, кластастарына, мектеп режиміне қайта үйренуге уақыт керек.

Бала демалыстан кейін басталған сабаққа бір айдай уақытта үйренеді. Қосымша үйірмелерге қазан айынан бастап беруге болады. Дегенмен барлық үйірмеге бірден сүйремей, олардың санын біртіндеп арттырған дұрыс,

дейді психолог.

Сәлима Сатылғанқызы бала мектепке баруды аса қиынсынып жүрсе, ата-анасы бірге отырып ашық сөйлесуі керек екенін айтады. Баланың сөзін ерінбей, жалықпай тыңдаған жөн. Ата-анасы кезінде өзі де сондай қиындықтарды басынан өткізгенін, сосын біртіндеп сабаққа ілесіп кеткенін мысал ретінде айтып беруіне болады.

Психологтың айтуынша, ата-анасы «мен жақсы оқығам, Пәленше бірден оқып кетті ғой осы» деген сыңайдағы сөздер айтпауы керек. Бұлай талап еткеннен гөрі балаға түсіністік танытқан дұрыс.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістер туралы баяндады. Енді мектеп оқушылары 31 мамырға дейін оқиды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago