Павлодарда тұратын Гүлназ деген әйел перизендттен көмек сұрады.
Желіде павлодарлық Гүлназ деген әйелдің видеосы тарады. Оның үш жасар қызын шетелдік күйеуі ұрлап әкетіп, қазір Египетте жасырып отыр. Қыз — екеуінің ортақ баласы.
Қызы — Қазақстан азаматы. Анасының қолында бала өзімен бірге тұруы керек деген сот шешімі бар,
делінген Kozachkov offside Telegram-каналында.
Гүлназ қызы ұрланған соң Сыртқы Істер министрлігіне, ҚР Балалар құқығын қорғау комитетіне, Президент әкімшілігіне хабарласқан. Бірақ ешқайсынан қайран болмапты.
Сосын мен Египетке өзім барып, сотқа арыз бердім. Сот үкім шығарды, бірақ Египеттегі жергілікті полиция оны (күйеуін — ред.) іздеп жатқан жоқ. Олар оны барынша қорғауға тырысып, уақыт ұтып жатыр. Мен қоңырау шалған сайын «ертеңмен» қатырады,
дейді Гүлназ.
Египеттегі Қазақстан елшілігі оған көмектеспеген және әлі күнге дейін ешқандай шара қолданбай отыр. Алайда СІМ Гүлназға жолдаған хатында Қазақстан елшілігі барынша көмектесіп жатыр деп хат жазған. Гүлназ «оның бәрі өтірік» дейді.
Құрметті президент, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Осы жағдайды жеке бақылауыңызға алып, көмек беруіңізді сұраймын. Өйткені ҚР билігі органдары 2 айдан бері қандай да бір шара қабылдамады. Қазір қолымда бары — өзім қол жеткізген сот шешімі. Бала тым жас, анасының жанында болуы керек болғандықтан, оған қоса Қазақстан Республикасы азаматы болғандықтан осы жағдайға көмектесуіңізді сұраймын. Ол анасымен бірге Қазақстан аумағында тұруы керек,
делінген Гүлназдың видеосында.