Categories: Саясат

30 жыл тақтан түспеген экс-президент үшін ертең «қайғылы күн»

Былтыр желтоқсанда мәжіліс «Тұңғыш президент — Елбасы» туралы Конституциялық заңның күшін жою процесін бастаған. Экс-президент және оның семьясы 22 жыл бұрын қабылданған «Елбасы заңының» қызығын әбден көрді. Енді болды. Қызық аяқталды. Себебі заңның түпкілікті күшін жоятын сәтке дейін небәрі 24 сағат қалды.

Заңға сай: Назарбаев пен оның отбасы қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, қамалмайды, мүліктері тәркіленбейді, шектеу қойылмайды. Назарбаев және оның отбасы мүшелерінің  «банктік шоттарының құпиялығына және  банк шоттарына тиіспеуге кепілдік берілетіні» жазылған.

«Елбасы заңы» Қазақстандағы автократия мен әділетсіздіктің айқын көрінісі еді.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысына шақыру жөніндегі жарлыққа қол қойды. Жиын ертең, сағат 10.00-да өтеді.

Бірлескен отырыста «Тұңғыш президент — Елбасы» туралы заңның күшін біржолата жою мәселесі қаралуы мүмкін. Бірер күн бұрын Қазақстанның Конституциялық соты бір топ депутаттың өтінішін қарап, «Тұңғыш президент — Елбасы» заңның күшін жойған.

Конституциялық сот бұл шешім «маусымда өткен референдум» мен «қазақтардың қалауын ескеріп шығарылғанын» айтады.

Сот «2022 жылғы 5 маусымдағы референдумды назарға алып, тұңғыш президент – елбасының мәртебесі мен өкілеттігін, оларды Конституциялық заңмен регламенттеу мүмкіндігін, Конституциялық кеңеске өмір бойы мүшелігін, сондай-ақ оның артықшылықтарын – мәртебесінің өзгермеуін, қатарынан 2 реттен артық президент болып сайлану құқығын Ата заңнан сылып алып тастады» дейді.

Конституциялық сот қаулы бірден күшіне енетінін, шағымдануға жатпайтынын мәлімдеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago