Categories: Экономика

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ке өседі

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ке көбейеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Министр елдегі 3,7 миллион баланың сапалы білімі мен саналы тәрбиесін және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін еске салды.

Біріншіден, мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында тәрбиешінің әлеуметтік мәртебесін арттыру, біліктілік пен кәсіби дамудың жаңа формаларын енгізу арқылы кадрлық әлеуетті күшейту; жалақыны орта есеппен 30%-ке арттыру; мүгедектігі бар  балаларға инклюзив ортада білім алуға мүмкіндік беру үшін «Педагог көмекшісі» штатын енгізу бағытындағы жұмысты жалғастырамыз,

деді министр елордада өткен министрліктің алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада тегін тамақ беру қолға алынады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago