Categories: Қоғам

300 мың теңге беремін: Бала саудасына тосқауыл бар ма?

Нәрестелерді тауарға айналдырғандар желіде ашық саудаласуда.

Қырық апта құрсағында жатып, мынау жалғанды көрсем деп тыпыршыған шақалағын далаға да, қалаға да, тіпті қоқыс жәшігіне тастап кету оқиғалары көбейді.

Анасы өз қолымен өлтірген өлі шарананы да, шырылдай жылаған шақалақты да, бір өкініштісі, перзентханадан емес, дәретханадан алып шығатын болдық. Көкірегің қарс айырылады. Шарасыз ана мен жауапсыз әкеге лағнет айтқанмен, мұндай қатыгездік тыйылмай тұр.

Біздің қоғамда одан да сорақы дерт — бала сату деген пайда болды. Естіп те, көріп те жатырсыздар, бірі бауыр еті баласын автокөлікке, енді бірі 2 бөлмелі пәтерге, тіпті кейбірі 40-50 мың теңгеге дейін сатып жібереді. Дене түршікпейді, Құдайдан қорықпайды.

“Астана” телеарнасының хабарлауынша, қазір әлеуметтік желіде жұрт ашықтан-ашық «бала асырап аламын, рақметім болады» деп жазса, енді бірі «300 мың теңге беремін» деп жаңа туған сәбиге нақты баға қойған. «Жазыңдар, бере саламын» дейтін тасбауыр әйелдер мен делдалдар да кездеседі.

Бұл бала сату ауыр және аса ауыр қылмыстардың түріне жатады. Ең ауыр жаза 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қарастырылған,  

дейді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің аға жедел уәкілі Нұрбол Ашақұлов.

Көбіне бұл қылмыс түрі жасырын істеледі. Көрген, не естіген адамдардың, куәгерлердің ақпараттандыруы арқылы жедел іздестіру шараларымен анықталады дейді департамент өкілі. Соңғы 5 жылда бала сатудың 44 дерегі анықталған. Ал биылдың өзінде 9 қылмыстық іс тіркеліпті.

Мәселенің тағы бір ұшы белсіздік пен бедеулікке тіреледі. Мамандардың айтуынша, елімізде ерлі-зайыптылардың 15 пайызы бала сүю бақытынан айырылған. Сәби сүйе алмағандықтан 20 пайыз отбасының некесі бұзылады екен.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago