Алматы әкімі Ерболат Досаев автобуспен BRT бойымен жүріп өтіп, Алматы ауданы тұрғындарымен тәжірибесін бөлісті.
Алайда әкімнің тәжірибесі сәтсіз болған. Ол 32-маршрутты 33 минут күткен және өзінің айтуына қарағанда, автобус жолдағы «әр бағдаршамда тұрып қалған».

Жоба 5 жылдан бері аяқталмаған. BRT іске қосылған болса, тиісті интервалдар болуы керек, жылжымалы құрам сәйкес болуы керек, алайда бұл бүгінде олай емес. Мен өзім маршрутты 33 минут күттім, себебі төрт автобус маршрутқа кірмеген. Бізде қор жоқ. Сондықтан келесі жылы қосымша 300 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып аламыз. Мен әдейі жүрген уақытымызды есептедім.
деді әкім.
Алмалы ауданы тұрғындарының айтуынша, Сейфуллин даңғылындағы кептелістің бірден-бір себебі — сол жердеc салынған веложол. Алайда әкім бұл мәлімдемемен келіспеді: енді велосипед пен самокат жүргізушілері жаяу жүргіншілерге арналған жолда жүрмейді, ал бұл жаяу жүретін адамдар үшін қауіпсіз болады.