Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Білім > 35 миллион қаралым: TikTok-тың Мәдениет министрлігімен жобасы қорытындыланды
Білім

35 миллион қаралым: TikTok-тың Мәдениет министрлігімен жобасы қорытындыланды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 17.05.2023
Обновлено 17.05.2023 в 02:05
Поделиться
Поделиться

TikTok пен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі #кiтапток әдеби жобасының жеңімпаздарын анықтап, қорытындысын шығарды.  Кітаптар туралы хэштег бойынша жарияланған бейнероликтер 35 миллионнан астам қаралым жинады. Жобаға Қазақстанның әр аймағындағы 18 кітапхана, сондай-ақ  TikTok контентіндегі танымал авторлар қолдау көрсетті.

Қысқа бейнероликтер жасау мен көруге арналған жетекші TikTok платформасы  мен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі қазақстандықтарды #кiтапток хештегі бойынша елдегі ірі виртуалды кітап клубына қосылуға шақырды. Еліміздің әр өңіріндегі TikTok қолданушылары кітаптар туралы ұсыныстарымен, сүйікті шығармаларындағы үзінділермен, кітап саудасындағы шолулармен, кітаптарға байланысты жеке оқиғаларымен бөліссе, әдеби талқылаулар әлі де жүріп жатыр.

Жобаның ауқымы қазақстандықтардың кітап оқуға деген қызығушылығының өскенін көрсетті: #кiтапток хэштегі бойынша қаралымдар саны 35 миллионнан асса, бұл көрсеткіш әлі де өсу үстінде.

Жобаны Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры @kaztheatre, сонымен қатар Қазақстанның әр аймағындағы 18 кітапхана қолдады. Жан тебірентерлік кітап шолулары, виртуалды саяхаттар, әзіл-қалжың бейнебаяндары мен тіпті, кітәби ASMR – яғни, елдің барлық аймағындағы кітапханалар өздерін бұрын-соңды болмаған жаңа шығармашылық қырларынан танытты.  Жобаға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы @trend_kitapkhana, А.С.Пушкин атындағы Шығыс-Қазақстан облыстық кітапханасы @kitap_land_vko_, С.Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық кітапханасы @zhetisu.kitapkhana мен басқалары да қолдау көрсетті.

Сондай-ақ музыканттар AKIM @akimrah мен Baur Karbon @karbon.baur өздерінің әдеби ұсыныстарымен бөліссе, TikTok-тың танымал креаторлары қаптамаларын, кітап жинақтарын көрсетіп, саяхат, тіл үйрену, математика мен  басқа да кітаптар туралы кеңес берді.

Жобаға қатысқан барлық платформа қолданушылары арасынан үздік креативті бейнероликтердің авторлары анықталды. Жеңімпаздар:  

  • заманауи қазақстандық жазушылардың пайдалы кітаптары туралы роликтің авторы @tsifranuty,
  • жазушы Бақытжан Қанапияновтың аудармасындағы Қыз Жібек эпосы жайлы баяндаған автор @altynay_zhumadil
  • өзінің кітаптарды қалай сатып алғаны жөнінде егжей-тегжейлі баяндайтын @la.la.leila.

Ерекше қырынан көрінген бұл авторлардың әрқайсысы бастама серіктестерінің бірі – Меломан/MARWIN @meloman_marwin сауда желісі тағайындаған бағалы сыйлық: 70 мың теңгеге сертификатын алады.

Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі кітапқұмарлардың бас қосып, араласқаны, өз мүдделестерін тауып, кітапқа жасаған шолуларын бөліскен сәттерін көріп отырмыз, бұл айтарлықтай әсерлі болды. Қазақстандықтар өздерінің білім көкжиегін кеңейту үшін TikTok-қа келгенін, ал танымдық мазмұн біздің елдегі қоғамдастықта шынында да сұранысқа ие. Меніңше, #кiтапток жергілікті қауымдастыққа әлі де көптеген әдеби жаңалық әкеле алады және әр буындағы қолданушылар мен кітап оқуға деген шабыттың қайнар көзі бола алатынына сенімдімін,

дейді TikTok-тың Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы операциялық бөлімінің жетекшісі Екатерина Блинец.

«Мұндай жобалар жұртты кітапқа деген қызығушылықпен ғана емес, оқырманға жаңа есімдермен танысуға, ал авторларға – аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік беруімен де біріктіреді. #кітапток Қазақстанда танымал болып, елімізде кітап оқуды сүйетіндер көп екенін және танымдық контентті қолжетімді әрі қызық ете түсетін дарындылар көп екенін көрсетті», — деп атап өтті Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

#кiтапток жобасы Қазақстанда кітап оқуды сәнге айналдыру үшін қолға алынған жоба және ол бүкіл әлемдегі әдебиет құмарларды біріктіретін  #BookTok жаһандық мәдени құбылысынан шабыт алады. Бүгінгі таңдаTikTok-тың #BookTok хэштегіндегі бейнебаяндар 137 миллиардтан астам қаралым жинап үлгерді. Бейнероликтерде әр елдің қолданушылары оқыған кітаптары туралы өз ұсыныстарымен, әсерлерімен бөліседі. #BookTok қазірдің өзінде кітап индустриясына ықпал ете отырып, жазушылардың танымалдыққа қол жеткізуіне, ал кітаптардың – бестселлерлер қатарына қосылуына мүмкіндік береді.

Анара Бауыржанқызы 17.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
ҚоғамБілімРуханият

Түймебаев енді ректор боп ұзақ отыра алмайды

06.03.2024
БілімРуханият

Наурызда өтетін ҰБТ басталды

04.03.2024
Білім

Педагогтерді аттестациялаудың жаңа ережесі әзірленді

20.02.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?