Экономика

35 шетелдік ірі компания Қазақстанға көшіп келді

Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнама шеңберінде инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларының кең спекторы қолданылады.

Инвестициялық келісімшарт щеңберінде басым секторларда жұмыс істейтін компаниялар салықтар мен кедендік баждан босатылады, заттай грант алады. Ірі инвесторларды тарту үшін қолданыстағы мемлекттік қолдау шараларының кез келгенін ұсына отырып, жеке шарттармен инвестиция туралы келісім жасасу мүмкіндігі көзделген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл ретте инвестор үшін қарсы міндеттемелер белгіленеді. Сондай-ақ инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасу мүмкіндігі енгізіліп, онда салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік береді.

Үкімет басшысының айтуынша, мұнай-газ саласына қосымша инвестиция тарту мақсатында 2023 жылдан бастап жақсартылған модельдік келісімшарт жасасу кезінде фискалдық ынталандыру енгізілді.

Бірқатар шетелдік кәсіпорындарды Қазақстанға релокациялау бойынша жұмыс шеңберінде бүгінде 35 ірі шетелдік компания елімізге көшіп келді. Осы бағыттағы жұмыс одан әрі пысықталуда.

Қабылданған шаралардың арқасында 2022 жылы тікелей шетелдік инвестия көлемі 28 млрд долларды құрады.  Бұл — 10 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш. Жалпы былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,1 трлн теңгені құрады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 35%-ке көп.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago