Атақ және ақша

«Салым қоры 25 миллион теңге»: Мейрамбек Бесбаев көкпар бермек

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Таразда ұлттық ойынды дәріптеп, көкпар өткізбек. 

Мейрамбек Бесбаев көкпар өткізу туралы шешімге келмес бұрын ұзақ ойланған. Әнші мұның да себебін түсіндірді.

“Қадірлі ардақты ағайын! Ат ер қанаты. Атқа қонған палуанның ықыласын,елдің тілеуін тілеген ел-жұрт үлкендердің батасын қашан аласың? Мейрамбектің көкпарын қашан тартамыз? Соңғы кезде ауылға,туған өлкеге барғанда алдымнан көп шығатын сауал.Алғашында бос мақтан үшін деп ел сөгер,жұрт босқа мал шашып жатыр деп айтар… Осындай көп күмәнмен келіспей жүр едім. Көкпар көптікі ғой деген тілеулес дос-жар бір шешімге келтіріп,салым дейтін олжа қорын өздері көтеріп отыр. Салым қоры жиырма бес миллион теңге. “Ол қаржыны неге қайырымдылыққа жұмсамайды” деп алдын-ала сөкпеңіздер. Қайрымдылықты көкпарға дейінде жасап келем,көкпардан кейінде жасала береді. Ал несібесі мен еңбегі көкпарға байланған азаматтарды менің де елеуім заңдылық шығарСол үшін сіздердің рұхсат-мұрсаттарыңызбен тәуекел еттім. Ұлттық дәстүріміз бен спортымызға қосқан тамшыдай үлесімді қабыл алыңыздар.АЛЛА қаласа он жетінші қарашада Тараз қаласында төрт көзіңізді түгел күтем. Ел іргесі аман болсын!”, – деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

Әншінің өнердегі әріптестері мен оқырманы жарыса құттықтап, жылы лебізін білдірді.

“Ай бәрекелді! абыройлы өтсін”, “Ал Қазақ елі! Ғасыр көкпарынан құр қалмаңыздар”, “Бәрекелді, ат сүрінбей, азамат құламай аман-есен өтуіне тілектеспін”, “Ниет қабыл, мұрат асыл болсын”, “ Алла абыроймен атқарып алуды нәсіп етсін!”, – деп жазды желідегілер.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

20 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

21 час ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

21 час ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

21 час ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

23 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago