Фото: ашық дереккөзден
Бұл – экономист Сапарбай Жобаевтың сөзі.
Aikyn.kz инфляция тақырыбына терең талдау жүргізген. Мақалада алуан түрлі пікір бар.
Біреу білер, біреу білмес, қазір жылдық инфляция бізде – 10,3%. Былтыр бұл уақыттағы көрсеткіш 19%-дан жоғары еді. Енді Ұлттық банк алдағы бір-екі жылда қос таңбалы мәндерді жойып, инфляцияны 5%-дық межеге түсіреміз деп білек сыбанып отыр.
Елде баға тұрақтылығын қамтамасыз етуші реттеуші органның бұған қол жеткізе алар шамасы бар ма?
Сенатор Амангелді Нұғманов Ұлттық банкке былай деп сауал қойған екен:
Қазан айында инфляция 10,8% болды. Бірақ кең тұтынатын тауарлар, соның ішінде күріш 40%-ға, сүт пен нан өнімдері 15%-ға өсті. Жеке гигиеналық тауарлар 17%-ға, дизель отыны 35%-ға, коммуналдық қызмет, мәселен, қоқыс төгу 32%-ға қымбаттады. Бір сөзбен айтқанда, күнделікті тұтыну тауарлары ресми инфляция деңгейінен көп артық. Ендеше, қол жеткізу мүмкін емес мақсатты индикаторларды белгілеу не үшін қажет?
Бұған Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменовтің жауабы:
Ұлттық статистика бюросы инфляцияны индекстегенде небәрі 508 тауарды қарастырады. Ал қазақстандықтар тауардың 11 мың түрін тұтынады. Сол үшін жекелеген тауарларды алып салыстырғанда осылай көзге оғаш көрінетін цифралар шығып жатады. Бірақ Сауда және интеграция министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі мен әкімдіктер ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Олар делдалдарды жойып, нарықты тауарлармен толтырып, бағаның түсуіне жағдай жасап бағуда. Сондықтан тосыннан бір жағдайлар шығып қалмаса, (5%-дық) болжам үдесінен шыға аламыз деп ойлаймын.
Бұл ретте экономист Сапарбай Жобаев былай дейді:
Дәулетті адамдардың айлығын әр жылы 10%-ға көтере бермеу керек. Жыл сайын бюджеттен айлық алатындардың еңбекақысын көтереміз деген желеумен биліктегілердің, яғни, квазимемлекеттік мекемелердегі, қорлардағы, әкімдіктер мен министрліктердегі лауазымды тұлғалардың айлығы да бірге өседі.
Осылайша, еден жуушының 100 мың теңге айлығына 10 мың қосылса, білдей топ-менеджердің 2 миллион теңге айлығына 200 мың қосылады. Инфляцияның бір себебі осында жатыр. Бізде соны шектеу керек. Мысалы, орташа айлық 350 мың деп жатырмыз ба? Осы сомаға дейінгі айлық алатындардың еңбекақысын өсіру керек.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…