Денсаулық

Қазақстандықтар орта есеппен қанша жыл өмір сүреді?

Қазақстан тұрғындарының жалпы өмір сүру ұзақтығы былтыр 74,44 жылды құраған.

Бұл — ковидке дейінгі кезеңмен салыстырғанда біршама көп, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда демографиялық көрсеткіштерде бірқатар оң үрдістер байқалады.

Мәселен, халық санының өсуі тіркелді. Туу көрсеткіші артты, сәбилер мен аналар өлімі азайды, осы жылдар ішінде халықтың табиғи өсімі 5 миллионнан астам адамды құрады. Ел азаматтарының орташа жасы 32 жасты құрайды.

Ер азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 7,7 жылға, ал әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 6 жылға артты. 2022 жылы жалпы өмір сүру ұзақтығы 74,44 жылды құрады. Ал 2019 жылы ковидке дейінгі кезеңде 73,18 жыл болатын,

деді Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.

Сондай-ақ ол Қазақстанда бүкіл әлемде сияқты 65 және одан жоғары жастағы адамдар санының өсу үрдісі байқалатынын атап өтті. Еліміз 2017 жылы қартайған халқы бар елдер тобына кірген. Бізде 65 жастан асқан адамдардың үлесі 7 пайыздан асады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago