Categories: Оқиға

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Аудандық сот төрағасы қызметінен босатылады

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрғазы Шетенов кішкентай қызды өлтірген күдіктіге заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметінен босатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоғарғы сот үстіміздегі жылдың мамыр айында бес жасар қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды,

деді Жоғарғы сот.

Айта кетейік, оқиға 13 шілде күні Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болған. Ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақатын алған бес жасар қыз өлі табылған еді. Бірқатар ақпарат көздері таратқан ақпаратқа сәйкес, қызды зорлап, өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Ал күдікті бұрын сотталған 1975 жылы туған нашақор болып шыққан. 

Оқиға тәртіпсіздікке әкеліп, ашулы тұрғындар күдікті кісі өлтірушіні полициядан алып қалуға тырысты. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, екі ай мерзімге қамауға алынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайға назар аударып, бұл істі жан-жақты тексеруді тапсырды. Қаза болған қыздың әкесі қылмысты жасады деп күдікке ілінген нашақорға дұрыс емес үкім шығарғандарды жазалауды талап етті.

Қоғам белсендісі Динара Сәтжан қылмыскерді жазасы мойындалса түрмеге мәңгілік тоғытуды ұсынды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago