Өткен аптада Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бұрын сотты болған ер адам 5 жасар қызды асқан қатыгездікпен азаптап өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Баланың денесін күдіктінің үйінен ауыл тұрғындары тауып алған.
Осы оқиғаға байланысты тележүргізуші, қоғам белсендісі Динара Сәтжан ата-аналарды қырағы болуға шақырып, маньяктардың психотипін ұсынды.
«5.32» сериалын көргендер маньяктардың психотипін шамамен біледі. Бұл әдетте күдік туғызатын адамдар. Күтім көрмеген, көздері ойнап тұрады. Тұйық және адамдарға жұғымы жоқ. Жалғыз тұрады немесе анасымен. Бұрын сотталған және бірдеңеге тәуелділігі бар.
Айналаңызды ойша бір шолып шығыңыз. Күдікті адамдар бар ма? Ана жүрегі алдамайды, біз қауіп-қатерді қашықтан сеземіз.
Және біз балаларымызды педофилдерден қорғай аламыз, тек қырағы болу керек.
Полиция шақырыңыз. Жаныңызда кім тұрып жатқанынан хабардар болыңыз. Күмәнді оқиғалардың жанынан немқұрайлы өтіп кетпеңіз.
Әрине, мемлекет бізді маньяктардан қорғауы тиіс. @kozachkov_offside жазғандай, егер биыл көктемде қауіпті қылмыскер көршісін балталап тастай жаздағанда сот оны қоғамнан аластату туралы шешім қабылдағанда 5 жасар Еркежан тірі болар ма еді…
Мен өлім жазасына қарсымын. Бірақ, осындай оңбағандарға қарап, неге Қытай, Оңтүстік Корея және Африка келдерінде өлім жазасына кеседі де, ал бізде тек 20 жылға ғана отырғызады деп ойланасың.
Тәжірибе көрсеткендей, сотталған педофилдер 97-99 пайызда тағы сол қылмысын қайталайды.
Мұнда тек бір амал бар – мәңгілікке түрмеге тоғыту«, — деп жазды Динара Сәтжан.
Оқырмандар да мұндай жағдайлар үшін өлім жазасы енгізілуі керек деп келісті.