Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев оның ақшасы басқа бағытқа жұмсалатынын айтты. Ол 100 млрд теңге.
Бірақ бағдарлама шарттарының өзгеруі, елде жеңіл көлік қымбаттайды деген сөз емес.
Қазақстандықтар көлікті нарықтық ставкамен ала алады. Демек, өндірушілердің немесе банктердің бағдарламасын қолдануға болады.
Дегенмен, қоғамда басқа да өзекті мәселелер бар екен. Қоғамдық автобустар жетпейді. Бүкіл республика бойынша 10 525 автобус бар. Ал күніне 9 млн 300 мың қазақстандық қоғамдық көлікпен жүреді. Олардың көпшілігі тозған. Мәселен, Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайыздан астамы тозған. Ал Олар мен Талдықорғанда 70 пайызының тозығы жеткен.