Қай өңірлерде күнкөріс деңгейі ең жоғары?
Finprom.kz-тің дерегінше, биыл қазанда күнкөріс шегі 48,1 мың теңге болды. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 17,1%-ке артық. Былтыр дәл осы қазан айында 13,6% өсіп, 41,1 мың теңге болғен еді.
Өңірлер бойынша ең жоғары күнкөріс көрсеткіші дәстүрлі түрде Маңғыстау облысында тіркелді: 60,8 мың теңге. Былтырғыдан 26,7%-ға артық.

Екінші және үшінші орынға Астана (52,6 мың теңге) және Алматы (51,5 мың теңге) жайғасты. Шығыс Қазақстан (50,1 мың теңге) және Ақмола (48,1 мың теңге) облыстары алғашқы бестікке ілінген.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды.
Ал әйелдерге қарағанда ерлер көп табыс табады екен.
