Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > «5 жыл кредит берілмейді». Мәжіліс банкроттық туралы заңды мақұлдады
Басты жаңалықтарҚоғам

«5 жыл кредит берілмейді». Мәжіліс банкроттық туралы заңды мақұлдады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 14.12.2022
Обновлено 14.12.2022 в 02:12
Поделиться
Поделиться

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» және ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Құжатты депутаттарға премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды. Ол банкроттық рәсімнің 3 түрі енгізіліп отырғанын атап өтті. Барлық рәсімді тек борышкер ғана бастай алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық рәсімі, оған азаматтар келесі шарттар бойынша өтініш бере алады: банктер, микроқаржылық ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 4,9 млн теңгеден аспаса; ресми кірісі жоқ немесе ең төменгі күнкөріс деңгейі – 36 018 теңгеден аспайтын табысы болса. Бұл ретте борышкердің мүлкі болмауы керек және қарыздар бойынша банкпен тиісті рәсімдерді жүргізуі қажет,

деді министр.

Вице-премьердің айтуынша, соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржылық ұйымдар және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін. Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау үшін мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізіледі.

Екіншіден, сомасы 4,9 млн теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады. Бұл рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылады. Түскен қаражат белгіленген кезекпен кредиторлар алдындағы қарыздарды өтеуге жұмсалады. Егер кепіл ретінде жалғыз тұрғын үй қойылса, онда кредитор оны соттың банкроттық рәсімі кезінде алуға құқылы. Жалғыз баспанаға кепілдік болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды. Борышкердің жаман пиғылы болмаса, қалған өтелмеген сома есептен шығаруға жатады,

деді Ерұлан Жамаубаев.

Сот банкроттық рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады:

  • Заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
  • Кәсіби бухгалтерлер;
  • Заң консультанттары;
  • Аудиторлар.

Үшінші рәсім – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушыларымен бірлесе әзірленіп, сотпен бекітіледі. Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкроттық үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.

Сондай-ақ Ерұлан Жамаубаев банкроттық рәсімдегенде қазақстандықтарға қандай шектеулер қойылатынын түсіндірді:

  • Жобада 5 жылға несиелер мен кредиттер алуды шектеу көзделген;
  • Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;
  • Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді.

Сондықтан азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары мен шектеулер туралы ойлануы қажет.

Депутаттар дауыс беру нәтижесінде заң жобаларын мақұлдады.

Анара Бауыржанқызы 14.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?