Әлеуметтік желіде 50 Cent-тің 27 қарашада Алматыға келген видеосы тарады.
50 Cent (шын есімі — Кёртис Джеймс Джексон III) – өз заманының ең танымал әрі ықпалды артистерінің бірі. 2003 жылы жарық көрген Get Rich or Die Tryin альбомы бірден танымалдылыққа ие болып, хип-хоптағы рекордты жаңартты.
АҚШ, Еуропа, Африка, Австралияны қамтитын әлемдік туры аясында 50 Cent қарашада Алматыда концерт береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің елімізге келгеніне оның тыңдарманы дән риза.
Мектепте оқып жүргенде біздің елге келеді деген үш ұйықтасам да түсіме кірген емес,
деп жазды желі қолданушысы.