Әлемдік жұлдыз 50 Cent кеше Алматыда ән кешін өткізген. Ал одан кейін Instagram-ында Боратты айтып, пост жариялапты
Жұрт оның концертіне барып, Candy Shop, P.I.M.P, In da club, Ayo Technology сияқты танымал әндерін тыңдап қайтқан. Ішінде тіпті Алматы әкімі Ерболат Досаев та жүр. Алайда концерттен кейін рэп орындаушысы қазақстандықтардың шамына тиген жазба қалдырды.

«Алматы оттай қызды! «Борат» фильмі болмаса, сіздер менің не туралы айтып тұрғанымды түсінбейтін едіңіздер. Мен жалпы айтып отырмын»,
деп жазған ол.
Қазақстандық қолданушылар бірден оны сынай бастады. «Борат» фильмінің Қазақстанға түк те қатысы жоқ», «Боратты айтып артық кеттің», «Борат қазақ емес, оны Қазақстанмен байланыстырудың қажеті жоқ» дегендер көп.
Тағы біреулер ақша төлеп, оның концертіне барғандарды сынады.
Айта кетейік, билеттердің құны: ең арзаны 75 мың теңгеден басталса, вип-фан-зонаға кіру құны — 300 мың теңге.