Елімізде биылдан бастап әлеуметтік топтаманың орнына әр балаға ақшалай көмек беріледі.
2022 жылы әлеуметтік көмек алатын отбасының әр мүшесіне, яғни әр балаға төленетін АӘК-тің орташа көлемі 6 650 теңге болды.
Табысы аз отбасы балаларына қосымша ұсынылатын азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтың құны 5 175 теңге деңгейінде белгіленді.
2020 жылғы қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына АӘК-ке қосымша әлеуметтік қолдау шарасы ретінде азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылғаны белгілі.
Әлеуметтік топтаманы алушылардан осы топтаманы заттан гөрі ақшалай форматқа ауыстыру туралы ұсыныстар көп болғандықтан, мемлекет оны монетизациялау туралы шешім қабылдады.
Монетизация АӘК алатын әрбір балаға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақша беріледі.
Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттілігіне қарай қажетті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.