Categories: Оқиға

6-қабаттан секіріп кетіп, тірі қалды: Түркістанда кәмелетке толмаған қыз жезөкшелікке тап болды

Түркістанда кәмелетке толмаған қыз қымбат қонақ үйдің 6-қабатынан секіріп кетіп, тірі қалды. Жас қызды «жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі» деген болжам бар. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі өзінің Instagtam парақшасында жазды.

Оқиға 23 ақпан күні болған. Автордың жазуынша, Б. есімді бойжеткен 17 жастағы қызды Түркістанға шақырып, жақсы ақша табуға болатындығын айтқан. Алайда ұсынған жұмысы интимдік қызметпен байланысты болып шыққан. Тіпті клиент тауып, алдын ала ақысын алған. 

Клиент Риксос қонақ үйінен номер алады. Б. кәмелетке толмаған қызды сонда жібереді. Алайда мұндайды ешқашан көрмеген жас қыз қатты шошып, дүрбелең тудырады. Клиент қызметтен бас тартып, ақшасын кері қайтаруды талап етеді. Жас қыз Б-ға хабарласып, ақшаны кері аударуды сұрайды. Алайда, «жеңгетай» ақшаны аударудан бас тартып, клиенттің көңілін табуды талап етеді. Нәтижесінде номерде өзара дау шығып, клиент қызды сыртынан құлттап кетеді. Бір сағаттан кейін номерге бейтаныс үші әйел келіп, қызды ұрып-соғып, балконға қамап қояды. Жарты сағаттан кейін балконды қайта ашып, қыздың қолынан телефонын тартып алып, оны 6-қабаттан итеріп құлатып жібереді,

делінген жазбада.

Қонақ үйдің қызметкерлері оқиға орнына жедел-жәрдем мен полицияны шақырады. Абырой болғанда, кәмелетке толмаған қыз тірі қалды.

Автордың сөзінше, полиция әлгі үш әйелден жауап алған. Олар қыздың алкологольді ішімдіктен мас болып, ғимараттан өзі секіріп кеткенін айтқан. Бірақ сот медициналық сараптамасында қаннан алкоголь анықталмаған.

Аталмаған мәселеге қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Құқық қорғау органы болған жайтты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тіркеген екен.

23.02.23 ж. Түркістан қалалық полиция басқармасының 102 пультіне қонақ үй қызметкерлерінің бірінен, ғимараттың 6-қабатынан жас қыздың секіргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы қажетті іс-шараларды жүргізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді. Жас қыз Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында оқиғаның қатысушыларынан, қонақ үй қызметкерлерінен жауап алынды. Заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жан-жақты атқарылуда. Тағайындалған сараптамалардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады,

делінген хабарламада.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago