Categories: Қоғам

Арестович: Екінші Дүниежүзілік соғыста қазақтар — ең үздік әскери күш болды

Саяси және әскери шолушы Алексей Арестович кәсіпкер Арманжан Байтасовтың YouTube-арнасындағы бағдарламасында қонақ болды. Сұхбат барысында шолушы қазақстандық әскердің жауынгерлік дайындығын бағалады.

Украина Президенті Кеңсесінің бұрынғы штаттан тыс кеңесшісінің айтуынша, дайын әскер – бұл бір ереже бойынша үйренген полковник, генерал, лейтенант және қатардағы жауынгер, бір-бірін жақсы түсінетін, құндылықтар жүйесі мен әскери дайындық жүйесі бар әскер.

Қазақстан әскері, кез келген посткеңестік әскер сияқты, кем дегенде 3-4 рет реформаланған, қысқартылған әскер. Генералдар подполковникті, подполковник – капитанды, капитан – лейтенантты толық түсінбейді, өйткені олардың барлығы реформаның әртүрлі кезеңдеріне әртүрлі мақсаттармен түсіп, әртүрлі құндылықтар жүйесінде тәрбиеленген,

деп топшылайды Арестович.

Оның бағалауы бойынша, әскердің жауынгерлік қабілетін жетілдіруге 20 жыл үздіксіз жаттығулар қажет. Қазіргі генералдар мен полковниктер лейтенанттан бастап бірдей қауіпсіздік парадигмасында мансап жасауы тиіс. Мысал ретінде украиналық маман Швейцария әскерін келтірді.

Швейцария бейтарап болса да, ол әлемдегі жауынгерлік дайындық бойынша алғашқы ондықта. Бірақ онда қарқынды жауынгерлік дайындық бар және олар: «бізге бір күні корпус командирі қажет болса, оны дүкеннен сатып ала алмаймыз. Корпусты сенімді басқаруы үшін оның 25 жыл әскери мансабы болуы тиіс,

дейді әскери шолушы.

Қазақстандық әскери қызметшілердің даярлығын бағалау үшін ол мынадай кеңес берді. Әскерге қарапайым тест сұрағы бар: 5 мың әскери Қазақстанның кез келген жерінде қанша уақытта болады? Егер 24 сағат ішінде десе, онда армия дайын деп санауға болады.

Егер жаудың шабуылына тойтарыс беру үшін немесе жағдайды тұрақтандыру үшін десантты қондырса, жердегі топ қаншалықты тез жетеді? 24 сағат ішінде болмаса, онда қазақстандық әскерге әлі даму керек деп сенімді түрде айта аламыз. Жер аумағы мен қашықтық үлкен және сонымен қатар аумақтың өзіндік ерекшелігі бар. Менің ойымша, әскердің ықтимал қауіп төнген нүктеге әуе арқылы тез жету қабілетіне көп көңіл бөлу керек. Жол жүру ұзақ уақытты алады – бұл кризистік реакцияның әлсіз тәсілі. Авиациялық компонент күшті болуы керек: көлік авиациясы, әскерлерді жеткізетін тікұшақтар және сәйкесінше сол бөлімшелерге және оларды қауіпсіз тасымалдау үшін ауадан қорғайтын авиацияға баса назар аудару керек,

деп түсіндірді украин маманы.

Ол сондай-ақ әкесінің естеліктерімен бөлісті. Жас кезінде әкесінен — кеңестік, содан кейін украин армиясының жоғары дәрежелі офицерінен Екінші Дүниежүзілік соғыста әртүрлі ұлттардың әскери күштері қалай әрекет еткені туралы сұраған. Сонда әкесі «қазақтар — бұрын-соңды көрмеген ең үздік әскери күштердің бірі болды» деген екен.

Тарихи және ұлттық сипаттағы адами әлеует өте маңызды рөл атқарады. Бұл жерде техникалық сәйкестік мәселесі тұр,

деп қосты Арестович.

Шолушы Қазақстанның Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 1941 жылы Мәскеуді қорғаудағы ерлігін де еске алды.

Тактикалық деңгейдегі атақты командир. Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын, кеңес армиясының тарихын білетіндердің бәрі оның қолбасшылық, көшбасшылық, адами қасиеттері туралы біледі. Ол бәрі құлдырап жатқан сәтте батыл бола алды. Бұл қазақтардың қандай екендігінің айғағы. Бұл мінездердің қосындысынан туған экстра-класс әскери,

деді әскери және саяси шолушы батыр туралы.

Оның пікірінше, қазір мәселе ел басшылығының әскер мен қорғаныс күштеріне (полиция, арнайы қызметтер, Ұлттық ұлан) қатысты қандай жоспары бары маңызды. Арестович Қазақстан ҰҚШҰ-ға қатысу, Қытаймен ынтымақтастық орнату, Батыс компаниялары мен олардың инвестицияларын Қазақстанның мұнай-газ саласына тарту, Түркиямен одақ құру арқылы әскери, әскери-саяси және саяси одақтар жүйесі арқылы ел қауіпсіздігін теңестіруге тырысатынын атап өтті.

Анара Бауыржанқызы

View Comments

  • Әскерді реформалау керек кәдімгідей, қазіргі уақытта елдің қорғаныс күші 21 ғасыр болсада, әлі де актуалды болып тұр

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago