Фото: ашық дереккөзден
Әйел адам жұмыстан шығып, үйіне кетіп бара жатқан кезде ту сыртынан бес жерден пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бір ай бұрын ажырасып кеткен Павлодарлық әйел күтпеген жерден күйеуінің шабуылына тап болды. Амангелді көшесі бойымен келе жатқанда Назарбаев даңғылының қиылысында артынан күйеуі шабуылдап, беті мен иық тұсынан, басы мен қолынан бес рет пышақ сұққан.
Бұл туралы НеМолчиKZ қорының президенті Дина Таңсәрі Іnstagram әлеуметтік парақшасында жазды.
Менің үш балам бар. Ең кішісі – алты айлық. Күйеуіммен бір айдан астам бірге тұрмаймыз. Қорғаныс ұйғарымы болған. Үнемі айыппұлмен құтылып кетеді. Бұған дейін Ақсу қаласының ішкі істер бөліміне жүгіндім, дегенмен ешбір нәтиже болмады,
дейді жәбірленуші.
17 қараша күні жолдасы жасырын нөмірден қоңырау шалып, өлтіремін деп қорқытқан. Жұмыстан шыққан кезде әкесі жолдан алып кету керек болған. Сол сәтте телефонмен тәтесімен сөйлесіп тұрған кезде жолдасы пышақпен жарақаттаған. Қарсылық таныта бастаған кезде бетінен пышақпен тіліп, иығы мен сол жақ қолын жарақаттаған.
Мен телефоннан өлтіріп жатыр деп айқайлай бастадым. Сол кезде ол пышақты қалтасына салып, № 24 мектеп жаққа қарай кетті. Әрі қарай тәтем анама қоңырау шалды, мен 102 нөміріне хабарласып үлгердім. Олардан жедел жәрдемді шақыруды сұрадым,
дейді ол.
Жедел жәрдем келгенге дейін жәбірленуші көп қан жоғалтқан. Полиция тағы да денсаулыққа жеңіл дәрежеде зиян келтірілді деп, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде тіркеген. Ал ол қылмысты алдын ала жоспарлап, өлтіруге келгені анық.
Қор жетекшісінің жазуынша, күйеуінен зардап шеккен әйелдің бетін тіккен, енді ол тыртық өмір бойына қалады. Сондай-ақ ол қорғау ұйымдарының нәтижесі жоқ екенін айтқан.
Облыстық полиция департаментінде аталған факті бойынша материал Павлодар қаласы полиция басқармасы орталық полиция бөлімінде тіркелген. Тексеру жүргізілуде, барлық материалдар зерттеледі. Сараптама тағайындалды, соның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…